Түркияның Анталия қаласында өткен беделді «Fibonacci Robot Olympiad Turkey» халықаралық чемпионатында Шардара ауданынан қатысқан қос команда айрықша өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Жаһандық бәсекеде ел намысын қорғаған шәкірттеріміздің жеңісі — еліміздің білім мен ғылым саласындағы ілгерілеуінің жарқын көрінісі.
Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің "NurShar" командасы “3 kg LEGO SUMO” (9–12 сынып) санатында үздіктер қатарынан көрініп, ІІІ орынға ие болды. Бұл команданың намысын қорғаған Абдырхан Қайсар мен Атабай Бақдәулет өздерінің білімге, техникаға деген құштарлығын баршаға паш етті. Жетекшісі — шәкірттерінің жеңісімен елге абырой сыйлаған ұстаз Қапан Нұрбол.
Ал №1 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің "Shardara Auezov" командасы “Инновациялық жоба” (кіші топ) номинациясында ІІІ орынды иеленіп, жастарымыздың болашағына сенім ұялатты. Құттыбек Ақтілек пен Бөгенбай Бибінұр сынды оқушылардың жобасы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Команданың жетекшісі — Кадирова Майрам, шәкірттерінің жеңісі оның ерен еңбегінің жемісі екені сөзсіз.
Екі команда да енді Италияның Рим қаласында өтетін әлемдік чемпионатқа қатысуға жолдама алып, жаңа белестерді бағындыруға дайын.
Шардара ауданының білім бөлімінің робототехника және информатика пәні әдіскері Какарова Тамара Ендібайқызы бұл жетістікке қатысты:
«Оқушыларымыздың халықаралық деңгейде жетістікке жетуі — үлкен мақтаныш. Бұл — олардың тынымсыз еңбегі мен табандылығының нәтижесі. Біз оларға сенеміз және болашақта да биік белестерді бағындырады деп үміттенеміз», — деп жүрекжарды лебізін білдірді.
«NurShar» командасының мүшесі Абдырхан Қайсар:
«Халықаралық жарыста жүлделі орын алу — арманымыз еді. Бұл жетістік бізге үлкен жауапкершілік жүктейді және болашақта одан да жоғары нәтижелерге жетуге ынталандырады», — деп қуанышын жасырмады.
Бұл – тек біздің ауданның ғана емес, тұтас елдің мақтанышы. Шардаралық жас өрендеріміздің жетістігі — еліміздің білім беру жүйесінің сапасын, оқушыларымыздың шексіз мүмкіндіктерін дәлелдейтін айқын көрсеткіш. Болашағы жарқын жастарға Рим төріндегі додада сәттілік пен жеңіс тілейміз!
А.ҚАРАУЫЛ