Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық дерті қай салада болсын кездесіп жатыр. Оның алдын алу, тосқауыл болу шаралары да жүргізілуде. Бірақ сонда да азаймай отыр. Бұл жөнінде «Ақалтын» жалпы білім беретін мектебінде де ұстаздардың қатысуымен іс-шаралар өтіп, зардабы айтылып тұрады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, білім беру саласында жемқорлық әрекеттерін болдырмау, және мұғалімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапкершілігін арттыру бағытында жиі жиын өткізіліп, мұғалімдерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, білім беру сапасына, оқушыларға және жалпы ел экономикасына тигізетін кері әсері туралы ақпарат беріліп отырады. Сонымен қатар білім беру саласында кездесетін жемқорлықтың негізгі түрлері, оның ішінде қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, артық сыйлық алу және бағаларды өзгертумен байланысты мәселелер көтеріліп, алдын алу шаралары жүргізіледі.
Оқу орнының ішкі нормативтік актілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелер және оларды сақтаудың маңыздылығы таныстырылып, мұғалімдерге өз міндеттері мен құқықтары түсіндіріледі.
Мұғалімдерге жемқорлық әрекеттерін байқаған жағдайда кімге және қалай хабарлау қажеттігі туралы, жасырын хабарлау механизмі мен оның қауіпсіздігі түсіндіріліп отырады.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде мектебімізде сыбайлас жемқорлық деректері тіркелген жоқ. Алдағы кезде де алдын алу шаралары жүргізіле беретін болады.
ТУРАЕВ Қанат Тасболатұлы –
«Ақалтын» жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары