Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында №16 колледж студенттерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер теолог маманы А.Данияров, АПБ-нің ЖПҚБ - нің ЮПТ - нің инспекторлары полиция майоры Ж.Қонаров, полиция майоры. К.Жаныкулов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әдіскері Қ.Жансеитова, колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Дүйсебаева қатысты.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Деструктивті діни ағымдар халқымызды өздерінің жақтарына алдау үшін, дәстүрлі ислам дінінің атын жамылып немесе тіл курстары мен қағаздар тарату арқылы өздерінің үгіт - насихаттарын жүргізеді. Ең алдымен нысанда тұрған адамның әлеуметтік жағдайын біліп, отбасындағы мәселелерді қарастырып, психологиялық әсер тигізіп, өздерін жақсы ұйым ретінде көрсетіп арбап алады. Діни экстремизм мен терроризімнің кеңінен таралуы осы жағдайдан пайда болып жатады. Олар өмірде әлеуметтік тұрғыда қандай жағдайға ұмтылу керектігін, сол бағдарламаланған мақсаттарды қандай тиімді жолмен іске асыру қажеттілігін, неге қуанып неден қашу керектігін шешеді. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты - діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Жас буын - бұл халықтың, мемлекеттің, жер шарының болашағы. Оған үміт артады, олардан батыл әрекеттер мен идеялар күтіледі. Осы себепті де жастардың рухани - өнегелік тәрбиесі мен жетілуіне аса мән беру қажет екендігінен тоқталды.