Қазақстан Республикасы «Кәсіпкерлік кодексінің» 129 бабы 4 тармағы 4 тармақшасына және Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині туралы заңның талаптарына сәйкес жергілікті аудандық полиция және аудан әкімдігімен бірлесіп үш жақты келісім шарт жасалған.
Бірлескен іс-шараның негізгі мақсаты ауданда азық-түлік қауіпсіздігін сақтап, фитосанитариялық ахуалды тұрақтандырып, аймақты карантиндік обьектілерден қорғау.
Соның негізінде сауда базарының әкімшілігі сауда базарына әкелінген карантинге жатқызылған өнімдерді арнайы журналға тіркейді. Тіркеу журналы нөмірленуі, тігілуі мөрмен расталуы тиіс. Инспекторға сауда базарына әкелінген өнімдер туралы ақпараттарды ұсынады немесе хабарлайды.
Карантинге жатқызылған өнімді жеткізуге шарт жасасқан кезде өнім иесі (өкілі) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органнан карантин шаралары туралы қажетті ақпарат алуға және республика (облыс) аумағына карантинді объектілердің әкелуінің алдын алуды қамтамасыз ететін шарттарды қарастыруға міндетті.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру барысында карантинге жатқызылған өнімге ілеспе карантиндік құжаттардың болуын тексереді.
Фитосанитариялық сертификат әкелінетін карантинге жатқызылған өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда тасымалдаушыға немесе жүк иесіне өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды басшылыққа ала отырып, карантинге жатқызылған өнім партиясын қайтару туралы нұсқама береді және (немесе) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 400- бабы талаптарына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады.
Бақылау барысында карантинге жатқызылған өнім иесі болмаған жағдайда, жол-патрульдік полициясы қызметкері қолданыстағы орталықтандырылған жүйе (база) арқылы өнім иесін және автокөлік иесін анықтайды немесе өнім иесі анықталғанға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасының Ішкі істер департаменті саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте, автокөлік және тіркеме құралдары жол-патрульдік полициясы қызметкерімен мөрленіп жабылады және мүмкін болған жағдайда айыппұл авто-тұрағына қойылады.
Өнім иесі анықталған соң, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнімге ҚР Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес, карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізеді.
Карантинге жатқызылған өнімнен карантиндік объектілер анықталған жағдайда, залалданған өнім қайтаруға, мүмкін болған жағдайда залалсыздандыруға немесе карантиндік объектілерден тазартуға және техникалық өңдеуге жатады. Егер карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, тазарту немесе қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда, өнім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алып қоюға және жоюға жатады. Аталған карантиндік іс-шаралар жүк иелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Карантинге жатқызылған өнімнің иесі жасырынған немесе карантинді объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімнен бас тартқан жағдайда, карантинге жатқызылған өнімді сақтау, әкету немесе жою рәсімдеріне байланысты меселелерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары бір жұмыс күн ішінде шешеді.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың нұсқамасымен кері қайтарылуға жататын карантинге жатқызылған өнім тиелген транспорттық құрал ҚР ІІМ Шымкент қаласының ІІД Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің қатысуымен (сопровождение) қала аумағынан кері шығарылуға жатады.
М.МЫРЗАКАДЫР–
Шардара аудандық аумақтық
инспекциясы өсімдіктер карантині бас маман-инспекторы