2025 жылдың 16 мамыр күні Қазақстан республикасы Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов Шардара қаласындағы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің тыныс-тіршілігімен танысты.
Кездесудің мақсаты - мектептің оқу үдерісін ұйымдастыру бағытындағы жетістіктермен, оқушылардың білім саласындағы, ғылыми және шығармашылық жетістіктерімен, сондай-ақ тәрбие мен заманауи технологияларды қолданудағы тәжірибелерімен танысу болды.
Іс-шараға сондай-ақ:
«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шайдулла Жандос, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлы, Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы Мусатаева Жанат Тұяқбаевна қатысты.
Білім беру ұйымының басшысы білім ордасының оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бағытында атқарып келе жатқан жұмыстарына тоқталып, қол жеткізген жетістіктерімен таныстырды.
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп – ұлы жазушының атын иеленген, рухани-мәдени құндылықтарды жоғары қоятын, сапалы білім мен тәрбиені үйлестіре білген оқу ордасы. Мұнда тек білім берумен шектелмей, оқушылардың шығармашылық, зияткерлік және тұлғалық дамуына да баса назар аударылады.
Мектепте тәжірибелі, кәсіби шеберлігі жоғары ұстаздар еңбек етеді. Олар оқушыларды ұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеп, жаңа білім беру технологияларын тиімді қолдана отырып, заман талабына сай азамат тәрбиелеуде.
Біздің оқушыларымыз түрлі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар конкурстарында, спорттық және мәдени шараларда үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді. Бұл–мектептің оқу-тәрбие процесінің жүйелі ұйымдастырылуының айқын көрінісі.
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп – болашаққа жол ашатын, білім мен тәрбиенің алтын бесігі!
Аудандық пәндер олимпиадасына 64 оқушы қатысып, нәтижесінде 41 оқушы жүлделі орындарды иеленген. Оның ішінде 6 оқушымыз жүлделі 1 орынды иеленіп, облыстық олимпиадаға жолдама алған.
«Бастау» ХҮІІІ математикалық олимпиадасынан 3 сынып оқушысы Рысбек Гүлжайна облыстан жүлделі 3- орынмен марапаталды, облыстық пәндер олимпиадасынан 8-сынып оқушысы Жәнібек Назерке 3 -орын, Қасымжан Муслима, Жарылқап Алина мақтау қағазымен марапатталған. Бастауыш сынып мұғалімі Жұманазарова Гульнар Тожибаевна облыстық «Педагогикалық идеялар» байқауының І орын иегері атанса, қазақ тілі пәні пәні мұғалімі Арынова Гүлпаршын облыстық «Ыбырай оқулары» байқауына қатысып, Алғыс хат игері атанды.
Мектептің заманауи инфрақұрылымы – білім алуға деген ынтаны арттырады. Біз үшін әр оқушы – болашақ көшбасшы, сондықтан да олардың білім алуына, қабілеттерін дамытуына барлық жағдай жасалуда, атап айтқанда оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау үшін робототехника, бағдарламалау негіздері сияқты заманауи бағыттар бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен қатар, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін түрлі үйірмелер, дебат клубы, оқырмандар клубы белсенді түрде жұмыс атқаруда.
Спортты серік еткен оқушылар үшін мектеп жанында спорт зал, ашық спорт алаңы, шахмат және тоғызқұмалақ секциялары тұрақты ұйымдастырылған. Мұның бәрі оқушылардың дене тәрбиесін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Мектеп кітапханасы – оқушылар мен ұстаздардың сүйікті орны. Мұнда тек оқу әдебиеттері ғана емес, көркем әдебиеттер мен ғылыми танымдық кітаптар қоры да мол. Электронды кітапхана жүйесі де енгізіліп, білім алушылардың ізденісіне мол мүмкіндік жасалған.
Сонымен қатар, оқушылардың психологиялық жай-күйі мен әлеуметтік жағдайлары да назардан тыс қалмайды. Мектепте тәжірибелі психолог пен әлеуметтік педагог жұмыс істейді. Олар әр баланың жеке қабілетін ашуға, әлеуетін дұрыс бағытта дамытуға бар күшін салады.
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп – тек білім мен тәрбие ордасы ғана емес, сонымен қатар әр баланың арманына қанат бітіретін, болашаққа сеніммен қадам басуына негіз болатын білім шаңырағы. Мектеп ұжымы алдағы уақытта да осы бағыттағы табысты жұмыстарын жалғастырып, ел болашағы – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек ететін болады.
САРИЕВ Нұржан,
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
директоры