Соңғы жылдары инфекция қорының жоғары, әрі жан-жақты болғанын өндірістік бақтардан ғана емес, жеке секторлардан да байқауға болады. Бақ ағашы-ның бактериялық күйігі – өте қауіпті жұқпалы ауру. Ауру қоздырғышы – Erwinia amylovorа (Bull).
Бактерия – өсімдіктердің 160-180 түрін зақымдайды, оның ішінде ең алдымен алмұрт, алма, айва, долана, итмұрын, шетен және тағы басқа түрлері. Ағаштың барлық мүшелерін: бүршіктерін, гүлін, жапырағын, бұтақтарын, штамбын зақымдайды.
Зақымдалған ағаштың гүлдері қарайып солады, түйіндері мен жемістері де қараяды, бірақ ағашта ілініп тұрады. Аурудың ең алғашқы өзгеше белгісі – аса-таяқ (посох), 1 жылдық кеуіп кеткен жас бұтақ иіліп ілмекке ұқсап тұрады. Ағаштың қабығы жарылып, бұтақтары кеуіп, қызыл-қоңыр түске еніп, зақымдалған ағаштың түрі күйіп кеткендей әсер қалдырады.
Ауру ағаштардың көшеттері, құрал-саймандар, ыдыс арқылы және өсімдіктің вегетациялық кезеңінде, жәндіктер, суармалы сумен де таралады. Көктем ылғалды және жаңбырлы болса бактерияның белсенділігі артады.
Қауіпті ауруға нақты емдік шаралар әзірше табыла қойған жоқ, бірақ соған қарамастан аурудың таралу қарқындылығын бәсеңдету үшін, алдын ала агротехникалық және фитосанитарлық іс-шараларды қолдануымыз қажет:
– Жеміс ағаштарының күйігі таралған аудандарда отырғызылатын материалдарды тасымалдауға тыйым салынады.
– Ауру табылған жағдайда залалданған өсімдіктердің барлығы қазылады және санитарлық шаралардың ережесіне сай жойылуға тиіс немесе залалданған бұтақтарды 20-25 см аралығында шырпып алып, өртеу керек. Кесілген бұтақтардың орнын 1% мыс қосылған қоспамен немесе бақ нұмын (садовый вар) жағу қажет.
– Аурудың алдын алу мақсатында 3% бордос сұйықтығымен бірнеше рет өңделуі тиіс.
– Залалдың алдын алу шарасына төзімді сорттар шығару және төзімді сорттарды отырғызу да жатады.
Н. ОРАЗБАЕВ –
Шардара аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантині инспекторы