Ия, мейірбике науқастың денсаулығына дәрігермен бірдей жауапты жан. Дәрігердің тағайындаған ем-домының нәтижелі болуы, өз міндетін тікелей жауапкершілікпен атқаратын мейірбикеге байланысты. Әдетте, науқастанып қалған жандарға аялы алақанымен, мейірімді жүзімен қуаныш сыйлайтын мейірбикелер жайында көп айтыла бермейді. Осы орайда, ақ халаттылардың айнымас серігіне айналып, науқастардың дертіне дауа дарытуға атсалысып жүрген денсаулық сақшысының бірі Өтеғұл елдімекеніндегі Өтеғұл дәрігерлік амбулаториялық емханасының мейірбикесі Маханова Роза Алешқызының еңбегін ерекше атауға болады. Адалдықты жанына ту етіп, ардақты мамандықты абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі мейірбикемен тілдесудің реті келіп, әңгімеге тартқан болатынбыз.
Арман адамды қанаттандырып, алға жетелейді. Арманыңа жету үшін алдыңа мақсат қойып, білім аласың, еңбектенесің. Бала күнінен ақ халатты абзал жандарға қызығып, «дәрігер боламын» деп армандаған Роза Алешқызы Шымкент қаласында дүниеге келген. Шымкент медициналық училищесіне оқуға түсіп, «мейірбике ісі» мамандығы бойынша білім алады. Облыстық көз аурулар ауруханасында алғашқы еңбек жолын бастайды. Бір жыл жұмыс жасағаннан кейін отбасын құрып, шағалалы Шардара шаһарының келіні атанып, осында қызметін жалғастырады.
«Денсаулық – зор байлық» дейміз. Деніміздің сау болғанын тілейміз. «Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса» медицина қызметкерлеріне жүгіреміз. Бүгінгі таңда медицина саласы өте дамыған, кешегі кеңестік жүйемен салыстыра алмайсың. Қазір ауданымыздағы Орталық аурухана заманауи үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Ал елімізде тоқырау жылдары түрлі аппараттар, кадр мәселесі барлығы да тапшы болды. Осындай қиын тұста аудандық Орталық аурухананың бас дәрігері Абуов Кеңес мейірбике Роза Алешқызын жұмысқа қабылдап «Жұқпалы аурулар бөлімшесіне» жібереді. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің басшысы, білікті дәрігер Әуезов Базарбайдың қарамағында жұмыс жасайды. Осы тұста жұқпалы аурулар бөлімшесінде 200-ге жуық науқас сары аурумен емделіп жатады. Бұл кез жас мейірбикенің шыңдалу, тәжірибе жинау шағы болатын. Дәрігер Ешназаров Ибадулла Мұсаұлы және бөлімше мейірбикелері Өтемәлиева Карамат, Исаева Алтын және Әсия, Ұлболсын сынды жоғарғы санаттағы мейірбикелермен иық тіресе жұмыс жасап, осы кісілерден медбике ісінің қыр-сырын үйренеді. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін, адам өміріне жауапкершілікпен қарайтын бұл мамадыққа кез-келген адам келе бермейді.
– Мейірбике мамандығы – жауапкершілігі мол мамандық. Адам өміріне жауаптысың. Бұл мамандықты таңдаған адам алдымен өзінің бойындағы қорқынышты жеңе білуі керек. Екінші –өзің таңдаған мамандықты сүю керек. Жұмысын сүйіспеншілікпен жасаған адамда, міндетті түрде жауапкершілік болады. Адамның өмірі мен денсаулығы үшін жауап беру – ең қиын дүние. Қызмет барысында түрлі жағдайлармен бетпе-бет келесің, сол кезде нақты шешім қабылдау, адам өмірін сақтап қалатыныңды естен шығармауың керек, – дейді Роза Алешқызы.
Кейіпкеріміз жұқпалы аурулар бөлімшесінде 10 жылдай қызмет етіп, Өтеғұл елдімекенінде Өтеғұл дәрігерлік амбулаториялық емханасында аймақтық мейірбике қызметін 30 жыл атқарған. Аймақтық мейірбике ретінде өзіне тиесілі аймақтағы балалардың уақтылы екпеге келуін, санитарлық-профилактикалық және індетке қарсы іс-шаралар, жалпы сол аймақтағы балалардың денсаулығын қадағалайды. Көшемен-көше аралап, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын Роза Алешқызы Шардара халқына қалтқысыз 40 жылдан астам еңбек етіп келеді. Жоғарғы санаттағы аға мейірбике осы жылдардың ішінде қаншама адамның денсаулығын жақсартуға атсалысты. Өмір мен өлім арасындағы сын сәттер де кездесті. Адал еңбек пен маңдай тердің арқасында халықтың алғысына бөленіп келеді. Әріптестері де Роза Алешқызын білікті маман ретінде жоғары бағалайды.
Аудандық орталық аурухананың Балалар бөлімшесінде жұмыс атқарған жоғарғы санаттағы білікті дәрігерлер Маханбетов Нұралы, Иманкулова Алория Александровна, Өтеғұл амбулаториялық емханасының дәрігері Абилова Бану Әмзеқызы және Айтбаева Нават, Сарайбаева Нағима сынды білімді мейірбикелермен қатар қызмет жасап, шеберлігін шыңдады.
Роза Алешқызы да өзінің білімін, тәжірибесін бөлісуден шаршаған емес. Ізінен ерген Сандыбаева Гүлжан, Бурашова Ғалия, Баймұхамедова Жанат, Жарбаева Мадина, Пазилбекова Орынкүл, Дәулетова Назира, Бурашева Гүлназ, Жамбозова Айгүл, Давлетова Жанна сынды мейірбикелерге және Абуев Бағдат сынды медицина қызметкерлеріне осы бір жауапкершілігі жоғары мамандықтың қыр-сырын үйретіп, бағыт-бағдар беріп келеді.
«Мамандығың бойынша үздік болуды армандасаң, оқудан, дамудан, ізденуден шаршамау қажет» деп білетін Роза Алешқызы да білімін арттырып, үздіксіз даму үстінде. Қоғам үшін ең маңызды іс болып табылатын адам денсаулығы мен оның белсенді өмірін сақтауда адал атқарған қызметі үшін Оңтүстік Қазақстан Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Жәукімованың, аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың, мәслихат хатшысы Б.Мүтәлиевтің, аудандық Орталық аурухананың бас дәрігері Б.Әбдімәліктің «Алғыс хаттарымен» марапатталған.
Қызметте абыройлы Роза апай, отбасында бақытты жан. Жан жары Сыдық Бақытпен 2 ұл, 2 қыз өсіріп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған бақытты ана, 15 немере сүйіп отырған аяулы әже. Тұңғышы Бейбіт – Түркістан облыстық ішкі істер департаменттінде полиция майоры, Асиясы – Қазығұрт ауданында мектепте мұғалім, Мейірбегі – жеке кәсіпкер, Ақмаралы – Алматы қаласында балабақшада тәрбиеші қызметтерін атқарады. Үлкен немересі Гүлсезім әжесінің жолын қуып, «Дәрігер боламын» деген ниетте.
Ауырып ем іздеген жандарға қызмет көрсетуден шаршамайтын Роза Алешқызының бүгін туған күні. Осы сәтті пайдалана отырып, Роза Алешқызын мерейлі мерекесімен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ