ШАРТАРАП ШАРАЙНА

20 наурыз – Ұлттық спорт күні!

Бұл мереке халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға және жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеуге шақыруға арналған.

Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері – тек ойын-сауық қана емес, сонымен қатар жауынгерлік рухты оятатын, ептілік пен батылдықты талап ететін өнер. Ата-бабаларымыз көшпелі өмір салтында өзін-өзі қорғау мен аңшылыққа дайын болу үшін түрлі спорттық ойындармен айналысқан. Бүгінде бұл ойындар ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналды.
Made on
Tilda