Күн санап Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдық мерекесі де жақындап келеді. Осыған орай ауданымызда соғысқа қатысқан ардагерлеріміздің есімдері мен ерліктерін ұлықтау, тылда еңбек еткендерге құрмет көрсету іс-шаралары басталыпта кетті.
Соғыс жылдарында әскер қатарына шақырылып, Шымкент қаласында төрт ай көлемінде арнайы жаттығудан өтіп, Украйна жерінде жаудың миналап кеткен жерлерін тазартып, әскерімізге жол ашуға қатысқан, бүгінде 97 жасқа келіп отырған Орынбасар Ақмолдаевқа құрмет көрсетілді.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков пен ауыл биі, Мелдеби шағын ауданы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Ибрагим Бектұрсынов ардагер Орынбасар атаны мерекемен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттап, иығына шапан жауып, естелік сыйлығын табыстады.
Орынбасардың әкесі Әліпбай мен ағасы Ендібай соғыста хабар-ошарсыз кетіп, анасы Димаш екеуі қалған. Соғысқа барып, аман-есен елге оралған соң анасына көмектесіп, күндіз арба айдап, түнде бөтелкеге жанармай құйып, майшам жағып мақтаның көсегін ашып, тіршілік жасайды. Кейіннен Шардараға қоныс аударып келіп №1 автобазада шофер болып алғашқыда Ильичтен бензин тасып, ГЭС құрылысын салуға бетон тасиды.
Зейнеткерлікке шығар алдында автобус жүргізушісі болып, Шардара – Шымкент бағытында жолаушылар тасымалдайды.
«Ұлы Отан соғысы Жеңісінің – 60, 65, 70, 75 жылдығы» мерекелік медальдарымен, «Шардара қаласына 50 жыл» төсбелгісімен марапатталған.
Соғыста да, бейбіт өмірде де жанқиярлықпен еңбек етіп, еңбегінің зейнетін көріп отырған Орынбасар атаны Жеңіс мерекесімен құттықтап, ғасыр жасап, мерейтойына жете берсін, ары қарай да немере-шөберелерінің қызығын көре берсін деген тілегімізді білдіреміз.
Гүлжан ОРЫНБАСАРОВА