ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІНІҢ БАСТАМАСЫМЕН ҚАРАУСЫЗ ЖАТҚАН ЖЕР АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тікелей бастамасымен Шардара қаласы Мелдеби шағынауданында қоқыс полигонына айналып бара жатқан 2,7 га жерді тазалау, абаттандыру,аумақта тегістеу, қоршау, тал егу және тұрғындардың серуендеуі үшін аяқжолдар мен орындықтар салу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда қараусыз жатқан жер абаттандырылып, тұрғындардың демалыс аймағына айналған.

«Ауданымыздағы осындай тұрғылықты ортамыздың көркін бұзып, қоқысқа айналған жерлерді гүлдендіруіміз қажет. Көлемі шағын жерлерге үлкен қаржы кетірмей тал егіп, орындықтар қою, қоршау салу арқылы абаттандырған жөн. Баршамызға ортақ жер болғандықтан осындай абаттандырып жатқан жерлерге тұрғындарды ұқыптылықпен қарауға үйретуіміз керек. Тұрғындарға әрқашан қолайлы және көрікті орта қалыптастыру күн тәртібінде.»- дейді Арман Романұлы.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda