Ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б.Төребеков, аппарат басшысы Б.Шомпиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор мегерушісі А.Оспанов, әдіскер, теолог-маман А.Данияров, қала мен ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Семинар барысында аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б.Төребеков жастарды деструктивті ағымдардың ықпалынан қорғау мәселесіне ерекше назар аударды.
«Жастарымыздың адасуына себеп болып отырған негізгі фактор – ғаламтор мен әлеуметтік желілер. Өкінішке орай, әлеуметтік желілер мен ғаламтор беттерінде тыйым салынған уағызшылардың уағыздары, экстремистік сипаттағы топтардың түрлі материалдармен бөлісуі жиі кездеседі. Жастардың ақпараттарды дұрыс сүзгіден өткізе алмауы олардың адасуына әкеліп соғуда», – деді Б.Төребеков.
Ол әлеуметтік желілердегі ақпараттардың ашық болуы мен әр алуан мағлұматтардың көптігі жастар санасының улануына әкелетінін атап өтті.
Деструктивті ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтармен жүргізілген жұмыс нәтижелері көрсеткендей, олар-дың құрығына көбіне 14 пен 29 жас аралығындағы жастар ілігеді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог-маман А.Данияров діни экстремизмнің мәнін ашып көрсетті.
«Діни экстремизм дегеніміз – саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөй-тіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұм-тылады», – деп түсіндірді маман.
А.Данияров адамды деструктивтік діни ұйымына тарту себептерін талдады. Оның айтуынша, мұндай ұйымдардың нысанасына көбіне психологиялық жағдайы әлсіз адамдар, ойлау деңгейі төмен азаматтар, енді қалыптасып келе жатқан жасөспірімдер, әлеуметтік жағдайы нашар адамдар кіреді.
Теолог-маман деструктивті ағымдардың негізгі мақсаттарын ашып көрсетті. Оның айтуынша, олар дінімізді бұр-малап, әртүрлі жаңалықтарды енгізу арқылы қазақ халқын дінінен, тілінен, ділінен, мәдениетінен, салт-дәстүрінен, ұлттық құндылықтарынан айыруға ұмтылады
«Олардың мақсаты – халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айыру. Түрлі ағымдар осы бағытта өте белсенді түрде жұмыс жасап жатыр», – деді А.Данияров.
Семинар барысында мемлекеттік қызметкерлер тарапынан бір қатар өзекті мәселелерге сұрақтар қойылды. Мамандар тарапынан барлық сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
Іс-шара қатысушылары деструктивті діни ағымдардың қауіп-қатерлері туралы толық ақпарат алды. Семинар соңында жастармен жұмыс жүр-гізу, олардың діни сауатын арттыру, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап өтілді.
Осындай іс-шаралар ауданда діни тұрақтылықты сақтау және жастарды деструктивті ағымдардың зиянды ықпалынан қорғауға үлес қосады.
А.ОСПАНОВ - Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі.