А. Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Көшербаева Инабат халықаралық деңгейдегі “Жас жұлдыз” балалар мен жасөспірімдер байқауында ел мақтанышы атанып, қолөнер жанры бойынша өнер көрсетіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шықты. Жас таланттың шеберлігі әділқазылар алқасын тәнті етіп, нәтижесінде оған Анталияға жолдама мен киноға түсуге мүмкіндік беретін арнайы сертификат табысталды.
Бұл үлкен жетістікке жетуде ұстаздарының да еңбегі бар екендігін атап өткен жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жас ұрпақты қолдап қорғау – болашақты қорғау. Жастар – ел тірегі» деген қанатты сөздерін ұстана отырып, Р.К.Ахамбаева шәкірттерінің бойына білім мен өнерді қатар дарытып, шығармашылық қабілеттерін шыңдап келеді. Инабат Көшербаеваның жетістігі үшін оны байқауға дайындаған жетекшісі Р.К.Ахамбаева “Жас жұлдыз” балалар өнер орталығының директоры А.Д.Нұрбаеваның Алғыс хатымен марапатталды.
Мектеп директоры Ж.Нұралиева Инабатты жеңісімен құттықтап, ұстазының еңбегін жоғары бағалады. Директордың айтуынша, бұл жетістік – мектеп ұжымы мен Түркістан өңірінің мақтанышы ғана емес, жас ұрпаққа үлкен үлгі өнеге.
Көшербаева Инабаттың бұл жеңісі оның қажырлы еңбегінің, шығармашылық ізденісінің және білімге деген құштарлығының айқын дәлелі. Оның алдағы уақытта да көптеген биіктерді бағындырары сөзсіз. Ел болашағы – білімді де талантты жастардың қолында!
Ж.Жігерұлы