ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН КҮН

Білім
Мерекелік шарада аудан әкімі Арман Қарсыбаев :
– Ұстаз – ұлы ұғым. Өйткені, сөз бастайтын ақын да, ғалым да, қол бастайтын батыр да ұстаздың тәрбиесін алып, мейірім-шапағатына бөленіп өседі. Сіздер тек қана білім нәрімен сусындатушы ғана емес, болашағымыздың негізін қалаушысыздар. Сондықтан, сіздерге қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді. Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар! Сіздерді барша аудан халқының атынан құттықтаймын, - деген аудан әкімі еңбегімен еленіп, білім беру ісінде толағай табыстарға жетіп жүрген ауданның ұстаздарын Алғыс хаттармен марапаттап, бірқатар ұстаздарға облыс әкімінің атынан келген марапаттарды тапсырды. Олардың арасында Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатымен Рыспаева Эльвира Әуелбекқызы, Тұрлыбекова Жанар Сарсенқызы, Кенжебаева Ақмарал Тастанқызы, Жүнісбекова Кәмшат Әділбекқызы, Мейірбекова Айнаш Дәуітқызы марапатталса, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Момынов Ғалымжан Әбсаттарұлы, Сариев Нұржан Тасмұратұлы, Тойланова Райхан Жұманазарқызы, Сайман Гүлнұр Сейітмұратқызы, Бишенов Өскенбай марапатталды.
Аудан әкімінің марапатынан соң Балалар саз мектебінің күйшілері «Адай» күйін орындап, өнерлерін паш етті.
Шара барысында Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті маманы Ләззат Нұртаева, Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бас маманы Нұргүл Сапарова ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының маманы Роман Алтынбеков Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісімен Дәуренов Мұсырманқұл Пардабайұлы, Исаев Талғат, Ходжаниязова Жансұлу Лесбайқызын марапаттады.
Аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев Магитова Тұрсынай Бегімкұлқызы, Байбашев Садықбек Әзімханұлы, Сүлейменова Күлзабира Сұлтанқызы, Қарсақбай Бибімарям Сансызбайқызы, Айдарханова Гүлнар Қаражанқызы, Ермекбаева Фарида Қалиқызы, Шойбек Айгүл Ибраймқызы, Нұржанова Қаламқас Құдайбергенқызы, Дүйсенова Ақмарал Лесбекқызы, Батырымбетова Гаухар Рысбекқызы, Ержан Ғазиза Қуанышқызы, Шырынбекова Айгүл Серікбайқызы, Байжігітова Гүлмира Аманкелдіқызы, Сабирова Қалбибі Сабырқызы, Сахова Клара Байдосқызы, Азимбаева Разия Исабекқызы, Еспенбетова Раушан Жәлелқызы сынды бірқатар ұстаздар қауымын Түркістан облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Сонымен қатар «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Бекет Ережеп Мұратова Мария Орынбекқызы, Мамутова Гүлшат Насирханқызы, Мұсаева Патима Рахманқызына «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғыс хатын тапсырды. Шардара ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұлықбек Жұман ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, Тлеген Асан Сражидинұлы мен Ақбердиев Еркінәлі Дуйсенбайұлын Түркістан облыстық білім кәсіподағының төсбелгісін табыстады.
Мерекелік шараның соңы Аудандық оқушылар үйінің мәнерлеп оқу шеберлерінің ұстаздарға арнап өлең оқуымен, Мәдениет сарайы өнерпаздарының орындауындағы Ә.Еспаевтың «Ұстазым менің» әнімен қорытындыланды.
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
Made on
Tilda