Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері Мұзаппаров Ерсұлтан Нұртасұлы Елордамызда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдегері атанды. Ол қазақ күресінен 100 келі салмақта Грузияның спортшысына қарсы бақ сынап жеңіске жетті.
– Бізге шабыт берген, жеңіске деген жігерімізді тасытқан жанкүйерлердің қолдауына ерекше алғысымды білдіремін. Өзіміздің елде өтіп жатқан дүбірлі додада намысты қолдан бермейік деп, барымды салдым. Алла абырой беріп, жеңіске жеттік,- дейді Ерсұлтан Мұзаппаров.
Ауданымыздағы Шардара ауылының тумасы Ерсұлтан Нұртасұлы бала күнінен спортқа бейім болып өскен. Ол Шымкент қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатында оқып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде спорт саласы бойынша білім алған. Бұған дейін көптеген спорттық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, халықаралық спорт шебері және әлем чемпионатының жүлдегері атанды.
Ерсұлтан Мұзаппаров алдағы уақытта желтоқсан айында Үндістанда өтетін Әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті.
Олай болса, біз де жерлесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы Әлем біріншілігіндегі сыннан сүрінбей өтуіне тілектестігімізді білдіреміз!
Аяжан ТӘЖІ