Қаладағы Шардара аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аудан жастарын спортқа баулуда айтарлықтай жетістіктері бар. Тәжірибелі жаттықтырушылардың жемісті еңбегі нәтижесінде көптеген жастар спорт саласын меңгеріп, еліміздің өңірлерінде еңбек етіп, түрлі жарыстарға қатысып, биік белестерді бағындырып жүр.
Сонымен қатар спорт мектебі ұстаздары спорт ардагерлерімен де кездесулер өткізіп, жас спортшыларды қызықтырып, ынталандыру шараларын да ұйымдастырып тұрады. Жақында жерлесіміз, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы, кубок иегері, Оңтүстік Африка мемлекетінің астанасы Кейптаун қаласында өткен әуесқойлар арасындағы кіші футболдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны болған Қалықов Ерғали Бегманұлымен спорт мектебі жаттықтырушылары мен оқушыларының кездесуі өтті. Ол 67 мемлекет қатысқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 орын алған жарыста 27 голмен үздік «Сұр мерген» атанған. Португалияның аты аңызға айналған «қара жауқазыны» аталған Эйцебио қолынан марапат алған. Қазақстанның футболдан ең алғашқы үлкен халықаралық аренаға шыққан Солтүстік Америкада орналасқан Гватемала мемлекетінде жарысқа қатысқан. Сонымен қатар Халықаралық, Еуропалық, Азиялық түрлі мемлекеттерде жеңімпаз атанған.
Кездесуде Ерғали Бегманұлы спортқа келуі мен жетістіктері жөнінде айтып, Ташкент қаласында өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатын бірге талқылап, пікір алмасып, оқушылардың алдағы спорт жолына бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңесін білдірді.
Сонымен бірге осы күні Шардара ауданы футбол ардагерлерінің арасында кіші футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Өсіп келе жатқан ұрпаққа мәні-мағынасы бар, жастарды отансүйгіштікке баулитын іс-шара өтті.
Ерғали Бегманұлы 1966 жылдың 4 қаңтарында Шардара қаласында дүниеге келген. Қаладағы М.Әуезов атындағы мектептің бірінші сыныбына барып, Шардара орта мектебін бітірген. Қазақтың физкультура институтын «футбол жаттықтырушысы» мамандығы бойынша бітірген. Оқу барысында Отан алдындағы әскери борышын өтеген.
Институтта оқып жүргенде футболдан жоғарғы лигаға дайындайтын мектепте қосымша жаттығу алған ол Қызылорданың «Мелиоратор», Шымкенттің «Скиф» командалары, Өзбекстанның Газалкент, Термез командасы құрамында өнер көрсеткен.
Шардара қаласында аудан әкімдігінде спорт саласын басқарған Қ.Махановтың көмекшісі, спорт мектебінде жаттықтырушы, Шардара орта мектебінде денешынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. Ал 1999 жылы Қазақстан чемпионатында Алматының «Алиби» футбол командасынан шақырту алады.
Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАК –де жер кадастры, паспорт жөнінде жетекші маман болып қызмет атқарып келеді.
Кездесу соңында Ерғали Бегманұлы спорт мектебі тарапынан ұйымдастырылған оқушылардың ойындарын тамашалап, оң бағасын берді.
Ардагер спортшы Ерғали Бегманұлы Шардара аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры әрі өзінің шәкірті Жиенбек Талиповке және мектеп ұжымына сәттілік, толағай табыстар тілеп батасын берді.
Нұржау НИЯЗБЕКОВ –
Шардара аудандық БЖСМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары