Әлемде адамдар өздерінің таланттарымен тамсандырып, көрермендерді таң қалдыруға және олардың жадында өшпес із қалдыруға тырысатын көптеген шоулар бар. Алайда, әсіресе America's Got Talent сияқты беделді аренада әркім-әркім де бұған оңай қол жеткізе алмайды. Жақында қазылар алқасының ғана емес, бүкіл әлем көрермендерінің жүрегін жаулап алған қазақстандық батыр Сергей Цырульников (@sergei030485) туралы таңғажайып оқиға өрбіді.
Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Новокубанк ауылының тумасы Сергей Цырульников сахнада өнер көрсеткен алғашқы минуттардан-ақ көрермендердің шынайы ықыласына бөленді. Оның фантастикалық дерлік орасан күші баршаны таң қалдырды. Қазақстандық шынжырларды жұп-жұқа қағаз құрлы көрмей жырта бастағанда көрермендер залы сілтідей тынып қалды. Бірақ бұл бастамасы ғана еді. Нағыз ғажайып Сергей жалаңаш алақанымен тақталарға шеге қаға бастағанда басталды. Мұндай табиғат берген күшті шамалаудың өзі санаға салмақ түсірердей еді.
Бағалауға келгенде талапшыл әрі қатал бағалаумен танымал болған қазылар алқасы мұндай көрініске бей-жай қарай алмады. Төрт судья түгелдей, соның ішінде ең беделді және тәжірибелі судьялар да бірауыздан «иә» деді. Дәл осы сәт Сергей Цырульниковтың қойылымының шарықтау сәтіне айналды және оған шоудың келесі кезеңдерінің есігін айқара ашты.
Сергей Цырульников жай мықты адам ғана емес. Оның ар жағында көп жылғы қажырлы еңбек пен жоғары жетістіктерге ұмтылу жатыр. Және жұмсалған еңбек көптеген атақтармен және рекордтармен расталған. Ол Төрт рет әлем рекордын жаңартқан алып күш иесі, есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген рекордсмен, Қазақстанның алты дүркін рекордсмені. Оның жетістіктері өз алдына: ол физикалық күш пен табандылық нағыз ғажайыптар жасай алатынын дәлелдеген пауэрлифтинг пен волейболдан спорт шебері.
Сергей Цырульниковтың America's Got Talent байқауына қатысуы жай ғана өзінің күшімен таңдандыру емес. Бұл өзіңе, өз мүмкіндіктеріңе және еліңе деген сенімнің белгісі. Оның түрлі трюктерді орындауы көпшілікті шабыттандырып, рухын көтереді және адамның мықтылығы тек оның физикалық күшінде ғана емес, жеңіске деген мызғымас ерік-жігерінде екенін меңзейді. Қазақстандықтар өз Отанының күш-қуатын барша әлемге паш еткен батырын мақтан тұтады.
Сергей Цырульников-өзінің түпкі тамыры мен дәстүріне адал бола отырып, бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды қанаттандырып, жаңа шыңдарды бағындырудың жарқын мысалы. Ал оның America's Got Talent бағдарламасына жету жолы әлемдік спорт пен шоу-бизнес шежіресіне алтын әріптермен жазылатын үлкен және жарқын жолының басы ғана.