ШАРТАРАП ШАРАЙНА

КОНГО–ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ

Денсаулық
Конго–Қырым геморрагиялық қызбасы – бұл жедел вирусты ауру, табиғи ошақты зооноздар тобына жатады.
Патогенезі
Инфекцияның негізгі берілу жолдарына кененің шағуы (тері немесе майда жарақаттар арқылы) және ауру адаммен қарым-қатынас кезінде қан арқылы жұғу (ауруханаішілік таралуы) жатады. Инфекция енген жерде айқын көрінетін өзгерістер байқалмайды. Вирус қанға өтеді де, ретикулоэндотелиальды жүйе жасушала-рында жинақталады. Екіншілік зақымдану кезінде вирустың массивті таралуы орын алып, айқын интокси-кация белгілері дамиды, қантамыр эндотелийі зақымдалады және әртүрлі дәрежедегі тромбогеморрагиялық синдром байқалады.
Асқынулары
Конго–Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі асқынуларына сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, отит, тромбофлебит және т.б. жатады.
Диагностика және дифференциалды диагноз
Эпидемиологиялық жағдайлар (эндемиялық аймақтарға баруы, жылдың мезгілі, аурушаңдық көрсеткіштері және т.б.) мен клиникалық белгілер (жедел басталуы, тез туындайтын және айқын көрінетін тром-богеморрагиялық синдром, толқынды температура, лейкопения, анемия және т.б.) ескеріледі.
Клиникалық белгілері мен ағымы
Инкубациялық кезең 1–14 күнге (көбіне 2–7 күн) созылады. Продромальды көріністер байқалмайды. Ауру көп жағдайда кенет басталып, алғашқы сағаттардан-ақ дамиды. Дене температурасы 39–40°С-қа дейін көтеріледі, әрі бастапқы кезеңнің өзінде жалпы интоксикация белгілері білінеді. Бұл кезең, әдетте, 3–4 күнге (кейде 1–7 күнге) созылып, қатты қызбамен, айқын әлсіздікпен, дененің сырқырауымен, қатты бас ауруымен, бұлшық еттер мен буындардың ауыруымен сипатталады.
Тексеру мен емдеу шаралары аурудың ерте кезеңінде басталса, аурудың ауыр асқынуларының алдын алуға болады.
БАХРАМОВА Жәудір Есіркепқызы
Шардара аудандық емханасының
аймақтық мейіргері
Made on
Tilda