ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ОҚУШЫМЫЗ – ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Білім
Түркістан облысының дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының №2-2/450 хатына сәйкес аудандағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсы өтті.
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Сүгірбаеваның жетекшілігімен 10 «А» сынып оқушысы Әли Әбдісаламұлы «Жыраулар поэзиясындағы көнерген сөздер» тақырыбында конкурсқа қатысып, аудандық кезеңде үздіктердің қатарынан көрініп, облыстық кезеңге жолдама алған болатын.
Ол жуырда облыстық кезеңде ғылыми жобасын абыроймен қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Бұл жеңіс – үздіксіз еңбек пен талмай ізденістің жемісі. Жетекші ұстазды және жас талантымызды мақтан тұтамыз! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруларына шын жүректен тілектеспіз!
БЕРДИБЕКОВА Гаухар Токсанбаевна
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі директорының бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары
Made on
Tilda