Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойына орай, аудандық “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен «Отан - отбасынан басталады» атты облыстық толағай сайысы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — отбасылық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау.
Алғашқы сөзді алған Шардара аудан әкімінің орынбасары Туребеков Бейсенбай Тасболатұлы және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығының” басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы барша қонақтарды келе жатқан Шардара ауданының 60 жылдық мерекесімен құттықтап, сайысқа қатысатын отбасыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа аудандардан келген он жас отбасы қатысып, өзара бақ сынады. Отбасылық сайыс бес кезеңнен тұрды. Қатысушылар спорттық және зияткерлік ойындар арқылы, одан соң командалық сайыста тартысты ойын көрсетті.
Сайыс қорытындысына сәйкес 1-орынды Бәйдібек ауданынан келген Эшмурзаевтар отбасы, 2-орынды Төлеби ауданынан келген Абетаевтар отбасы, 3-орынды Шардара ауданы атынан қатысқан Истургановтар отбасы иеленсе, басқа қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Арман Карсыбаев
Ernar Bektaev