ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРДАРА: СПОРТ АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Спорт
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев “Түркістан облысының спортшылары мен спорт саласындағы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шадияр Қондыбаевты қабылдады.

Аудан әкімі бірлестік атынан ауданның «Спорт саласының өсіп өркендеуіне қосқан үлесі үшін» медальмен спорт ардагерлері Абай Сакиев, Оразбай Қойбағаров пен Ерман Есқуатты марапаттады.

Арман Романұлы ардагер спортшылардың ілгерідегі тәлім-тәрбиесі мен еңбек жолдарына тоқталып, алғыс сезімін білдірді. Сондай-ақ, бүгінгі Шардара спортының әлеуетінің артуында ардагер ағалардың орны ерекше екендігін жеткізді.


Made on
Tilda