Шардара ауданының білім бөлімі, аудандық полиция бөлімі, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ, аудандық ауруханамен бірлескен жоспарға сәйкес, 2024 жылдың 22–25 қарашасы күндері М.Горький, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 9,10,11-сынып оқушыларына жастар арасындағы өзекті мәселелерді өз-өзіне қол жұмсау, құқық бұзушылық, кибербуллинг, буллинг, ақша бопсалау, ертежүктілік, лудоманияның) алдын алу мақсатында «Жаһандық әлеміндегі жастардың денсаулығы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренинг барысында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» психологі Бердалиева Айгерім Кенжелықызы «Ертежүктіліктің алдын алу», «Лудоманияның алдын алу» бойынша ойын тәуелділігінен денсаулыққа –ұйқының бұзылуы, көз, омыртқа ауруларының зияны, оқу білім алу және әлеуметтік кедергілерге, психологиялық мінез-құлықтың бұзылуына алып келетіндігін айтып, оқушыларға кітап оқу арқылы өмірлерін жоғары тұлғалы азамат пен азаматша етіп қалыптастыруға бағыттау керек екендіктерін айтты.
Шардара аудандық АПБ бастығы, полиция полковнигі Ш.Әділханұлы оқушыларға заң аясында қылмыс жасаған азамат пен азаматшалар жауап беретіндігін ескертіп, өз өмірлерін құртып алмай қадірлеу керек екендігін, алаяқтарға алданбау және өзгенің суреттерін рұқсатсыз жариялауға болмайтындығын ескертіп, оқушыларға темекі қолдануға тиым салынғанын айтып өтті. Б.Момышұлының сөзімен «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп өз сөзін қорытындылады. Аудандық полиция басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Н.Ашенов «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар үшін ата-анасы жауапқа тартылатындығы, түнгі рейдтер, буллинг пен кибербуллингтің зардаптары туралы айтты.
Аудандық білім бөлімінің психолог-әдіскері Маметова Динара Зейнабдинқызы Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша оқушылармен семинар-тренингті Ник Вуйчичтің «Өмірде шектеу жоқ» атты бинебаянымен көрсетіп, бейнебаянда ерекше тұлғаның аяқ-қолы болмаса да жоғары жетістікке жетіп, биік белестерді бағындырғаны көрсетілсе, оның өмірге деген құштарлық сезіммен бақытқа жету жолы әрбір тұлғаға сүрлеу болуы керектігін айтып:
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады,
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады.
Мына өмір бірақ та қымбат әлі,-
демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың. Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу деп бейнебаян барысы бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, ал оқушылар өз ойларын, өмірге деген оң көз қараспен қарайтындарын айтты. Маметова Динара Зейнабдинқызы айналадағы адамдарға жылулық сыйлауды, ерекше тұлға осындай керемет жетістікке жетіп жатса, 12 мүшесі сау тұлғалардың өзінің қолынан келе бермейтін істерді жасай алатындығын айтып қорытындылап, оқушылармен «Ақ парақ», «Досыңа қуаныш сыйла» тақырыптарында жаттығулар ойнатып, дүниеге келген әрбір тұлға таза ақ парақ секілді болатындығын, достарына ойын барысы бойынша болса да сөзбен, іс-қимылмен зардап тигізуге болмайтындығын, айналасындағы ортаға қуаныш сыйлау арқылы өзіне қуаныш сыйлай алатындығын түсіндірді. Адамдарға шабыт пен қуаныш сыйлап бақытқа жететін жолды таңдау керек екендігі туралы айтылып, «Өмір туралы» жаттығуымен «Қызықты өмір сүру үшін мен.......»,
«Өмір мен үшін.......»,
«Өмірдің мәні ол.......»,
«Бақытты өмір мен үшін .......», «Өмірің өз қолыңда дегенді мен.......» деген сұрақтар арқылы оқушылардың өмірге деген көз-қарастарын анықтап, өмір әрбір адамның өз қолында, алдарына үлкен арман қойып оған жету үшін мақсат қойып, нақты жоспар құра отырып, табандылық пен білімділік арқылы жетуге болатынын айтып, «Талабы жоқ жас – Қанаты жоқ құс деген» деп ой қорытындылады.
Семинар – тренинг соңында аудандық білім бөлімінің психолог-әдіскері Динара Зейнабдинқызы оқушылардың қолына стикер таратып, төрде тұрған өмір ағашына бүгінгі семинар-тренингтен алған әсерлері мен болашаққа деген сенімдерін жазып жабыстыруды ұсынды. Осында қатысқан оқушылар болашақ елім, жерім дейтін, адал еңбек ететін, зерек тұлғалы азаматтар мен азаматшалар болып жетілетіндіктеріне сенімін білдіріп, өмір ағашындай өмірлері бақыт пен махаббатқа толы болсын деген тілегін білдірді.
Гүлжан Бейсенбайқызы