ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ЭТНОСАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ БАҒЫТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

2025-03-06 10:36 Дін
Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Этностар арасындағы ынтымақтастық: елдің даму кеңістігіндегі рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасында этносаралық келісім мен ынтымақтастықты арттыруға, түрлі этникалық топтардың мәдениеттері мен дәстүрлерін сыйлауды насихаттауға, ҚХА-ның 30 жылдығы аясында жоспар-жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Аталған жиында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Әлеуметтік мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов модераторлық етті.