Қазіргі жастардың бұрыеғы жастардан не ерекшелігі бар?
–Сәлем, достар! Бүгін мені көп сұрақтар мазалап отыр. «Бүгінгі жастар бақытты ма?», «Өзім жас белсенді ретінде олардың білім деңгейін қалай бағалай аламын?», «Ғылымға деген қызығушылықтары бар ма?» тағы басқа. Бұл сауалдарға жауап іздемей тұрып, жалпы «жастық» ұғымы мен үшін нені білдіретіндігіне тоқталып өтейінші. Мен мұны іште қайнап жатқан сан алуан сауалдарға жауап іздеген, белгісіз әлеммен танысуға ұмтылып, өмірді түсіне бастаудың бастамасы ретінде қарастырған болар едім. Балалық балғындық сенен алшақтап, сыни ойлау қалыптаса бастағанда белгілі бір идеяларға таңқалып-таңдана түсесің. Жастар туралы жазғанда, мен жастар орталығының кішкене бір бөлігінде жүргендіктен, осыған ұқсас жағдайды тек жастардың ойымен жазамын. Жастар туралы анықтама берерде, олардың жиырма бірінші ғасырдың жастары екенін мойындай отырып, жазған болар едім. Ата-анамыздың қазіргі айтып жүрген «қазақ», «ру», «дәстүр» деген сөзі бар түсініктері «қазіргі жастар сүзгісінен» өтіп, мүлде басқа форматқа ие болған секілді. Мәселен, менің ортамдағы «ру» мәселесі қазіргі құрдастарымды онша мазаламайды. Сондай-ақ, қазіргі жастар әр адамның жеке ерекшеліктері мен қасиеттерін өте қатты сыйлайды. Мысалы, ұлт немесе дін тақырыптары жастар арасында көп қозғалмайды. Себебі, мұны олар «сегрегация» деп түсінеді. Яғни, адамдардың қоғамда әлеуметтік статустарының айырмашылықтары бойынша санаттарға бөлінуі деп қарайды. Қазір жастар арасында тіпті, «жақсы не жаман адамның» басқаша көрсеткіші қалыптасқан. Мысалы, өз ісіне берілгендігі, қарапайымдылық, өнерпаздық деген қасиеттер қатты бағаланады. Жаңа технологиялардың арқасында жастар мейлінше ашық әрі толерантты болып қалыптасуда. Бұның өзі жақсы көрсеткіш. Оның жарқын мысалын заманауи музыкалық форматтарда, жаңа өнер түрлерінің жаппай таралуынан-ақ байқауға болады.
Кәсіп ашқысы келетін жастарға қолдау көп...
Қазіргі таңда мемлекет жастардың жұмысқа орналасу мәселесіне қатысты шараларды реттеуде. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамтып, олардың игіліктері үшін бірнеше бағдарламаларды жүзеге асыруда. Мысалы, «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Бастау бизнес» тағы басқа. Сонымен бірге жастарға жұмыс табуға көмектесетін «Жастар ресурстық орталықтары» да бірге жұмыс істеуде. Бірақ бұған қарамастан, біздің зерттеулерге сәйкес жұмысқа тұру жастар үшін кезек күттірмейтін бірінші мәселе болып тұр. Осыған орай биыл іске қосылатын «Жас кәсіпкер» бағдарламасы жастардың сұранысына кешенді жауап беретін бағдарлама болмақ. Кәсіпкерлікпен айналысатын жастардың саны артса, жұмыс орындары да көбейетіні анық. Ал екіншіден, мемлекет білімге қол жетімділікті арттыруды да көздеп отыр. Бұл, әсіресе тұрмыстық мүмкіндіктері төмен ауыл және шағын қала жастары үшін өте маңызды. Арнайы орта білім беру жүйесінің дамуы бұл категориядағы жастардың бейімделуін арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан арнайы орта білім беру мекемелерінде бірінші жұмысшы мамандықты тегін беруге кепілдік бар екені белгілі. Білім беру гранттары санының артуы жоғары білім алуды қолжетімді етеді. Сонымен қатар, жастар саясаты жастардың әлеуметтік белсенділігінің арту үрдісін қолдауға тырысады. Қазір ірі қалаларда қоғамдық кеңістіктерді оңтайландыру, тұрмысы нашар жас отбасыларға көмек көрсету, экологиялық сауатты арттыру және тағы басқа бағыттар бойынша түрлі бастамалар көтеріліп жатыр. Жастарға мұндай жобалар, әрине, ұнайды. Еріктілерді материалдық қолдау арқылы мемлекет жастардың бұл белсенділігін позитивті бағытқа бұрады, сонымен қатар жастар ұйымының жұмысына жаңа бағыт береді. Солайша елімізде жастардың мәселесі ең жоғары деңгейде көтерілетін болады. Аталған бастамалар жастарға арналғанмен кешенді сипатқа ие, сондықтан жалпы елдегі адами капиталды арттыруға мүмкіндік береді. Ал бұл – елдегі әлеуметтік саясаттың басты бағыты.
Жастарға мықтылық керек...
Қазақта жақсы сөз бар: «Балаңды аясаң, аяма» деген. Аталарымыздың бала тәрбиелеудегі қағи-дасы неткен ерекше болған десеңізші... Қазір бәрін аузына төсеп, салулы төсек, салқын үй, ыс-тық тамақ, бүтін киім, дайын көлік дегендей аялаймыз деп буынын бекіте алмай ұрпағымыз көкежасық көкжөтел болып, сол баяғы бабалар баулыған қырандық сипатқа жете алмай жатқан секілдіміз. Бүгінгі күннің жастарына бүркіт секілді болуды тілеймін. Себебі, ел арасында қырандардың патшасы – бүркіт деген аталы сөз бар. Мұнымен айтпағым – ұлттымыздың рухани жаңғыру кезеңінде жауымыздан қыранша қор-ғанып, ұрпағымызды қыранша тәрбиелеп, дүр сілкінген ақиықтай алысқа көз қадасақ, «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» дегендей қиырдан шаларымыз аз болмас.
Иә, айта берсек, аспан серісі қыран бүркіттің ғажайып сипаттары аз емес. Соның ең бір ерекшесі – бүркіт күн көзіне жасқанбай тіке қарайтын әлемдегі жалғыз жаратылыс! Ғылым солай деген.
Бүгінгі күннің жастарына қырандай қанатты, бүркіттей қырағы болуды тілеймін.
Тұғырың биік, қанатың қатты, тегеурінің мықты болсын, қыл-шылдаған қырандай тектілігіңнен айнымай самғай бер, қыран си-патты қазақ жастары!
Бота
БОЛАТОВА –
ҚР Журналистер Одағының мүшесі