ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жаңа технологиялардың білім берудегі рөлі

Білім
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық қа-білеттерін дамыту, оларды өздігінен білім алуға және ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау. Осы мақ-саттарға жетуде жаңа технологиялардың мүмкіндіктері зор. Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, танымдық белсенділігін ынталандырады. Осыған орай, Шардара ауданы, №1 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте 2025 жылдың 3-7 ақпан аралығында «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен апталық өткізілді.
Апталықтың мақсаты –қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты міндеті – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше білім алуға және ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту және танымдық белсенділігін дамыту болды. Осы мақсатқа жету үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталықтың ашылуында пән мұғалімдері жаңа технологиялардың білім берудегі рөлі туралы әртүрлі «Мен сұраймын-сен айтасың», «Артығын тап», «Түйсігің не дейді?» ойындық іс-шаралар арқылы оқушыларға жеткізе білді. Бұл іс-шаралар сабақта ойын элементтерін қолдану - оқыту процесін қызықты әрі тиімді ететінін, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытатынын және өздігінен білім алуға дайындайтынын дәлелдей түсті.
Апталық барысында мұғалімдер тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар өткізді.
Ашық сабақтарда интерактивті тақталар, онлайн платформалар, бейне және аудиоматериалдар, ин-тернет ресурстары және жасанды интеллект құралдары белсенді түрде қолданылды. Оқушылар сабақ-тарға қызығушылықпен қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Атап айтқанда, «Вода на службе у человека» тақырыбында сабақ өткен Шинтемирова Ақмарал апайымыз өз сабағында жаңа технологияларды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, танымдық белсенділігін ынталандыратынын көрсете білді. Жаңа технологиялар оқыту процесін тиімдірек және қызықты ететінін, олардың көмегімен оқушылардың білім алуға деген мотивациясын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік жасауға болатынын Сопбекова Алия «А.П.Чехов. Толстый и тонкий» тақырыбында, Пасенова Айгуль «Преданья старины глу-бокой» тақырыбында өткен сабақтарымен дәлелдеді.
Бейне және аудиоматериалдар оқушылардың тілдік ортаға енуіне көмектесті. Олар фильмдер, мульт-фильмдер, әндер және подкасттар арқылы кейіпкерлердің жан-дүниесіне ене білді. Орыс тілін үйренуге арналған көптеген компьютерлік бағдарламалар мен онлайн платформалар бар. Ержанова Ақмарал «Для чего служит одежда?», Сауытбекова Жанар «Что заменяет части речи» тақырыбында өткен сабақтарында Quizlet, Kahoot, LearningApps сияқты платформаларды қолдана отырып оқушылардың білімдерін тексеруге және бекітуге арналған қызықты ойындар мен викториналар ұсынуымен қатар оқушыларға грамматиканы, лексиканы және айтылымды жетілдіруге көмектесті. ChatGPT сияқты жасанды интеллект құралды. Садыканова Феруза «Угадай сказку» атты сайыс-сабағында қолдануы барысында оқушылардың қысқа мәтін жазуға, оны аударуға және тілдік сұрақтарға жылдам жауап беруге көмектесетінін қатысушыларға көрсетті. Бұл құрал оқушылардың уақытын үнемдеп, олардың тілдік дағдыларын дамытуға ықпал ететінін дәлелдеді. Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолы болып табылатынын Кадырова Ботакоз- Кир Булычев. «Сто лет тому вперед», Сарсенова Раушан -К.Г.Паустов-ский. «Телеграмма», Айтбаева Жазира «Мифы об Атлантиде», Койайдарова Айнагуль «Первый народный художник Казахстана» тақырыбында өткен сабақтарын қызықты ойын түрінде өткізе отырып, оқушыларға шешімін табуды қажет ететін проблемалық жағдайларды ұсына білді. Бұл оқушыларды сыни ойлауға, ақпаратты талдауға және өз шешімдерін ұсынуға ынталандырды.
Мұғалімдер жаңа технологияларды өз сабақтарында жетік меңгеріп қана қоймай, оны белсенді түрде қолдану арқылы оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, олардың табысты болуына ықпал ете алатынын, сыни ойлауын дамыту үшін оқытудың әдістері мен тәсілдерін үнемі өзгертіп, түрлендіріп отыруы қажет екенін Асанбаева Шолпан «Развитие коммуникативных способностей у учащихся при применении технологий критического мышления» тақырыбында өткен коуч-сабағымен апталық сабақтарды қорытындылады.
Сонымен қатар, орыс тілі мен әдебиеті апталығында өткізілетін сабақтан тыс іс-шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың тілдік және шығармашылық қабілеттерін арттыруға, сондай-ақ пәнге деген қызығушылығын оятуға бағытталған. Мұндай іс-шаралар оқушылардың білім алуға деген мотивациясын арттырады және олардың болашақ жетістіктеріне жол ашады. Орыс тілінің грамматикасын және лексикасын меңгеруге арналған «Конкурс грамотного письма», «Конкурс выразительного чтения» атты іс-шаралар оқушылардың тілдік білімін жетілдіреді. Оқушылардың әдебиеттік білімдерін тексеруге және олардың ой-өрісін кеңейтуге арналған Тажимуратова Шолпан -Лингвистическая игра «Брейн-ринг», Сапарова Макпал - Интеллектуалды ойын-сабақ: «Что? Где? Когда?» атты іс-шаралар оқушылардың командалық жұмыс дағдыларын дамытады, бәсекелестік рухын оятады.
Апталықтың қорытындысы бойынша, оқушылардың орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығы артқаны, танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттері дамығаны, мұғалімдердің жаңа технологиялар туралы білімдері мен дағдылары жетілдірілгені анықталды. Апталық барысында анықталған проблемалар мен ұсыныстар оқу процесін жақсарту үшін ескерілетін болады.
Қорыта келе, «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» тақырыбында өткен орыс тілі мен әдебиеті пән апталығы өз мақсатына жетті деп айтуға толық негіз бар. Апталықтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғыс білдіреміз және оларға шығармашылық табыстар тілейміз!
САРСЕНОВА
Раушан Базарбаевна
№1 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Made on
Tilda