ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Нашақорлыққа қарсы штаб отырысы өтті

Төтенше жағдайлар

Шардара ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған ведомствоаралық штабтың отырысы өтті.

Аудан әкімдігі жанынан құрылған штаб отырысын аудан әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Бауыржан Шомпиев ашып, жүргізіп отырды. Штаб отырысының күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралып, 2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы жоспарлар мен бағыттар талқыланды.

Штаб отырысында Шардара аудандық полиция бөлімінің, аудандық орталық ауруханының және ішкі саясат бөлімдерінің есептері тыңдалып, тиісті тапсырмалар жүктелді.

Алдағы уақытта нашақорлыққа қарсы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында нақты жоспарлар құрылып, жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі айтылып, пысықталды.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Made on
Tilda