ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Діни радикализмнің алдын алу

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласында орналасқан «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесінің мәжіліс залында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің қызметкерлері және белсенді жастармен «Діни радикализмнің алдын алу», - тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің директор орынбасары М.Қасымов қатысты.

Кездесудің мақсаты - діни радикализмнің алдын алу және жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуды күшейту. Радикалды діни идеологияны уағыздаушылардың қоғамға тигізер қауіптілігі туралы ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров қазіргі таңда жастарымыздың жат ағамдардың арбауына түсіп қалмауы үшін жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру керектігін, әлеуметтік желілерде тыйым салынған уағыздардан сақтануын түсіндіре келе тұрғындарға ҚМДБ - ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, халқымыздың салт - дәстүрлері, әдет - ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды. Іс - шара соңында қатысушыларды толғандыратын мәселелер бойынша жауаптар берілді. Сондай - ақ кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде сөз етіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты ақпараттарды бөлісіп таратуға болмайтынын ескертті.
Made on
Tilda