Ел арасында тәртіп пен құқықбұзушылықтың алдын алатын полиция қызметкерлерінің күнделікті атқаратын қызметтері баршамызға да жақсы таныс. Тәуліктің қай мезгілінде болса да орын алған келеңсіз оқиға орнына алғаш жетіп, кейде жанқиярлық танытып, қылмыскер-лермен бетпе-бет келетіндер де солар.
Сондай атпал азаматтың бірі 1995 жылдан полиция органында Мақтаарал мен Жетісай аудандарында түрлі басшылық лауазымдарды атқарған, қазіргі таңда Шардара аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқаратын, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің үздігі, ҚР ІІМ бірнеше медалдарының иегері, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы Сатыбалдиев Қасымхан Өмешұлы.
Шардара ауданының 60 жылдығы мерекеленген биылғы жылда Қасымхан Өмешұлының мәртебесі биіктеп, қуанышқа бөленді. Оған ҚР Ішкі Істер Министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі 261 санды бұйрығымен "Полиция полковнигі" шені берілді.
Мерекелі жылда елге еткен қызметі бағаланып полиция полковнигі шенін алған Қасымхан Өмешұлын құт-тықтай отырып алдағы атқаратын жұмыстарында мол жетістіктер, өзіне мықты денсаулық тілейміз!
"Шартарап-Шарайна" газетінің ұжымы