Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылдың қаңтар айында өткен «Үздік үйірме жетекшісі» атты аудандық байқау – білім мен ізденістің сыналар алаңы болды. Бұл байқауда Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің «Даму психологиясы» үйірме жетекшісі, білікті ұстаз Еркинбаева Гүлмарал Мұратқызы өзінің жоғары кәсіби шеберлігін танытып, жүлделі ІІ орын иеленді.
Байқау барысында ол өз еңбегінің нәтижесін жан-жақты паш етіп, жасаған жұмыстарын, қол жеткізген жетістіктерін, марапаттары мен сертификаттарын ұсынды. Үйірме жетекшісі ретінде әрбір оқушының ішкі мүмкіндіктерін ашуға, олардың ой-өрісін дамытуға, қызығушылығын арттыруға ерекше мән береді. Ол жеке жұмыс жоспарын негізге ала отырып, әр оқушының деңгейіне сай тапсырмалар беріп, білім беру процесін тиімді ұйымдастырады.
Гүлмарал Мұратқызы білімге құштар, бірақ үлгерімі төмен оқушыларды назардан тыс қалдырмай, олармен қосымша сабақтар өткізеді. Сабақ барысында оқушылардың жеке қабілеттерін анықтап, қажетті қолдау көрсетіп, психологиялық тренингтер ұйымдастырады. Бұл тренингтердің басты мақсаты – балалардың сенімін нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзін еркін сезінуіне жол ашу.
Ұстаз еңбегінің ең биік марапаты – шәкірт жетістігі. Ізденімпаз, жаңашыл жетекшінің бұл табысы – оның маңдай терінің, үздіксіз еңбегінің және балаларға деген шынайы қамқорлығының айқын дәлелі. Еңбегіңіз жана берсін, білім жолындағы жетістіктеріңіз еселене берсін!
ЕРКИНБАЕВА Гулмарал Муратовна, –Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің үйірме жетекшісі