ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Күзгі әскерге шақыру жұмыстары басталды

ҚР қарулы күштері
Қазақстан Республикасының 2012 жылы 16 ақпанындағы №561-IV» «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының, ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы №443 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына және Шардара ауданының Әкімі-нің 2024 жылдың 9 ақпандағы №51 «Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу туралы» Қаулысына сәйкес, Шардара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бойынша 18 жастан 27 жасқа дейінгі әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырудан және босатылуға құқығы жоқ азаматтарды кезекті көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары басталды.
Шақыруға Қазақстан Республикасының 2012 жылғы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңының 31 бабына сәйкес 18 жастан 27 жасқа дейінгі мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінгі қалдырудан және босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті санында мерзімді әскери қызметке шақыруға жатады.
ҚР Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке жіберілетін азаматтарға психологиялық зерделеу, кәсіби-психологиялық іріктеу, медициналық куәләндыру арқылы денсаулық жағдайының әскери қызметке жа-рамдылық дәрежесін анықтау, арнайы органдар арқылы сотталғандығын немесе қылмыстық әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы және дәстүрлі емес діни ағымдағы ұйымдарға қатыстылығы, ішкі істер органдарына сұрау салу арқылы тергеуде, іздеуде бой тасалап жүргендер және интегралдық деректер базасынан анықтама сұрату арқылы тексеріледі. Режимді командаға тағайындалғандарға, яғни Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен шекара қызметі, Мемлеккеттік күзет қызметіне тағайындалған шақырушыларға арнайы тексеру және полиграфологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Қорғаныс істері жөнінденгі бөлімінің шақыру бойынша көрсетілген мерзімде дәлелсіз келмеуі, шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәләндырудан не тексерілуден жалтарған азаматтар ҚР әкімшілік кодексінің №647, 648 баптарымен әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Шақырту бойынша дәлелсіз келмеу - 5 айлық көрсеткіш, ал медициналық куәләндырудан не тексерілуден жалтару әскерге шақырушыларға ескерту не 3 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады. Ал мекеме, ұйым басшысының әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да жауапты тұлға ҚІЖБ-ң шақырту туралы құлақтандырылмаса, сол сияқты уақтылы келу мүмкіндігін қамтамасыз етпеген жағдайда ҚР ӘК №644 бабына сәйкес 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

Шақырылушылар мен ата-аналардың назарына!
ҚР Қылмыстық Кодексінің 387 бабының тармақтарына сәйкес:
1. Әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1)өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы;
2)аурумын деп жалған сылтаурату жолымен;
3)жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту: Егер әскерге шақырылушы тер-геп-тексеру органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Н.ЖУМАНОВ–
Түркістан облысы Шардара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник
Made on
Tilda