ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Әскери борышын жат елде өтегендер бас қосты

ҚР қарулы күштері
Әскери борышын жат елде өтегендер бас қосты
«Германия Кеңес әскерлері тобы мен Варшава келісім шарты әскерлері тобы» ардагерлері қоғамдық бірлестігі алғаш Түркістан облысында 2021 жылы құрылып, кейін оған басқа облыстардың да қосылуы нәтижесінде 2022 жылы Республикалық қоғамдық бірлестік болып, Әділет Министрлігінде тіркеліп, статус алды. Қазіргі таңда оның 50-ге жуық филиалдары болса, оларға жеті мыңдай ардагер тіркелген. Оның бірі – Шардара ауданында
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шардара аудандық филиалы басшысы Қалнияз Сүйесінов пен орынбасары Маралбай Балтабаевтың ұйымдастыруымен аудандық ардагерлер кеңесінде мерекелік жиын өтіп, оған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алмас Оспанов, қоғамдық бірлестіктің мүшелері мен Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков ашып берген соң Маралбай Балтабаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алмас Оспанов, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Байдулла Рахматуллаев, Семей ядролық сынақ полигонының ардагері Назарбай Тоқсанбай құттықтау сөз сөйлегеннен кейін Қалнияз Сүйесінов:
– Қоғамдық бірлестікті ашудағы басты мақсат – өскелең ұрпақтың келешегінің жақсы болуына атсалысу, оларды еңбек етуге, отансүйгіштікке, ерлік жасауға баулып, батыр аталарымыздың ерліктерін насихаттап, үлгі ету. Келер жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы. Бүгінгі жиынды барлық бірлестіктердің ардагерлерімен бірлесіп өткізудегі мақсатымыз қандай жұмыс болмасын бәріміз бірге жұмыс жасауға атсалысу, – деді.
Сонан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібековке Республикалық «ГКӘТ, ВКШӘТ» ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Тастановтың атынан «За помощь и содействие ветеранскому движению» медалін, Анарбай Қалықұлұлына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Алтынсары Үмбеталиевтің, Әбдірахман Бекназарға «ГКӘТ, ВКШӘТ» Түркістан облыстық филиалының директоры Қ.О.Сүлейменовтың Алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар өз атынан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрахов Ержан Сапарұлын, аудандық «Шартарап-Шарайна» газетінің тілшісі Сейдуәлиев Жаңабай Әліқұлұлын, сонымен қатар Худайберганов Алдаберген, Танабаев Жаңбырбай, Жанықұлов Түгелқос, Тоқсанбаев Назарбай, Үзденбаев Дәулет, Қалдыбеков Үсенбай, Рахматуллаев Байдулла, Смайлов Нұрлан және Бектұрсынов Ибрагимдерді Алғыс хатпен марапаттады.
Жиынға қатысқан ардагерлерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, алдағы кезде бұл қоғамдық бірлестікпен тығыз байланыста жұмыс жасайтынын айтып жеткізген Тоқсанбай Бердікбекұлы бірлестіктің Шардара аудандық филиалының басшысы Қалнияз Сүйесінов, Байдулла Рахматуллаев, Ибрагим Бектұрсынов және Алдаберген Худайбергановті «Qurmet – Abyroi, Birlik» қоғамдық бірлестігінің «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен, Маралбай Балтабаев, Жаңабай Сейдуәлиев, Айдарәлі Абубакиров және Нұрбол Тілековтерді Алғыс хатпен марапаттады.
Жиын соңында ардагерлер «Тұңғыш Президент саябағындағы» мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында, Желтоқсан оқиғасында және жат елде әскери борышын өтеп жүріп қайтыс болғандардың рухтарына арнап құран оқылды.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ
Made on
Tilda