ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Аудандық делегация Ташкент қаласына барды

Аудан әкімі А.Қарсыбаевтың ауданға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасы-на сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық кәсіпкерлік бөлім-нің басшысы Ө.Рүстемов және қала әкімі О.Айдосов Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына іссапармен барып, кез-десулер өткізді.
Кездесу барысында "Дустлик энергия-сы» бірлескен кәсіпорнының басшылары-мен жүздесіп, ауданға инвестиция тарту мүмкіндіктері туралы толыққанды мәлі-меттер ұсынылды. Өз кезегінде кәсіпорын басшылары күн көзінен қуат алатын бата-реяларды орнату, ет өнімдерін өңдеу, тері өндеу секілді кәсіпорындар ашуға қызығу-шылықтарын білдіріп, ауданға арнайы өз жобаларымен келетіндігін жеткізді.
Іссапар барысында делегация мүше-лері Ташкент каласындағы сауда орталы-ғының төбесіне орнатылып, пайдалануға берілген күн батареяларының жұмысымен танысты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda