ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ)

Денсаулық
Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) – әлемдегі тұмауды біріктіретін аурулардың ең кең тараған тобы тұмау, парагрипп, респиреспираторлық-синцитиалдық инфекция, риновирусты және аденовирусты инфекция, басқа жоғарғы тыныс алу жолдарының талаурамалы қабынбалары. Даму үдерісінде вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынуы мүмкін.
Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдарымен – тыныс алу ағзалары арқылы келеді;
ЖРВИ тез таралады және көпке созылмайды. Қоздырғыштар жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады.
Вирустар мен бактериялар тыныс алу жолдарына түседі, шырышты қабыққа түсіп, зиянды заттар уыттар бөліп шығарады, сосын олар қан арқылы барлық ағзаға таралады. ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты емес, сондықтан әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін.
ЖРВИ әдетте жіті, күтпеген жерден басталады. Жұқтыру мен ауру арасында орташа алғанда шамамен 2 күн өтеді. Ауырар алдында адамды мыналар мазалау мүмкін: шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық. Бұдан әрі бұл белгілер көбейеді, бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін.
Диагностика және емдеу.
ЖРВИ емдеу әдетте дәрігердің бақылауымен үй жағдайында жүргізіледі. Пациентті ауруханаға тек аса ауыр жағдаятта немесе шиеленген жағдайда жібереді.
Науқас міндетті түрде төсек тартып жатуды қадағалауы және барынша сұйық зат ішуі керек, жылы шай мен морс ішкені жақсы. Дене қызуы жоғары болғанда қызу басатын дәрі-дәрмектерді, қажеттілігіне қарай тұмауға қарсы дәрілерді немесе жөтелге қарсы препараттарды қолдануы керек.
ЖРВИ кезінде тыныс алу гимнастикасы мен дәрумендер терапиясы жақсы әсер етеді. ЖРВИ кезінде антибиотиктер тиімді емес, сондықтан олар бактериялық инфекция немесе асқыну кезінде тек дәрігердің тағайындауымен қабылданады.
ЖРВИ мен тұмауды алдын алу:
Тұмауды алдын алудың 3 түрі бары белгілі:
Екпелік алдын алу;
Дәрімен алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);
Жеке және қоғамдық гигиена (ақпараттандыру жолымен) ережесін қадағалау.
Екпелік алдын алу – тұмауды бақылаудың басты амалы.
Екпе - кез келген тұмау эпидемиясы кезінде ең сенімді қорғаныс болып табылады. Екпе нәтижесінде пайда болған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Көптеген маңызды инфекция, атап айтқанда полиомиелит, дифтерия, қызылша жаппай екпе нәтижесінде толық жойылады. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе барлық жастағы топтарда ауру мен өлім-жітімді барынша азайтады. Осы мақсаттар А/Н1N1/2009 тұмау індеті даму кезеңінде қазір де көзделген.
Қауіп-қатердің ерекше тобы, яғни бөлек қарастыратындарды жүкті әйелдер, әсіресе екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер құрайды. Қазіргі замандағы жағдаятқа жасалған – дені сау жүкті әйелдердің көп бөлігі тұмау қатты ауырғандар және қатты асқынулар бойынша емдеуге жатқызуға мұқтаж.
Қазіргі таңда тіркелген жүкті әйелдер арасында А/Н1N1/2009 тұмаудан болған аурудың өліммен аяқталған жағдайы шамамен 5% расталды. Және де негізгі тұрғындардың ішінен жүкті әйелдер шамамен 1 пайызын құрайды. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Денсаулық сақтау министрлігі барлық жүкті әйелдерге екпе егуді, соның ішінде маусымдық тұмауға қарсы белсенділігі жойылған екпе егуді ұсынады.
Дәруменді сұйық сусындарды, сонымен қатар қызу басатын қасиеті бар мүкжижек, итбүлдірген тұнбасын көп ішіңіз;
Дәрігердің барлық тағайындамасын орындаңыз және препараттар қабылдаңыз, әсіресе вирусқа қарсы, қатаң кесте бойынша. Сіз жазылған сияқты болсаңыз да, препарат қабылдаудың толық курсын өтуіңіз қажет;
Отбасының барлық мүшелері демпердені қолдану, қолды жиі жуу, зарарсыздандыру заттарымен қолды сүрту сияқты гигиеналық іс-шараларды қадағалауы тиіс;
Отбасының басқа мүшелерінде тұмау белгілерінің пайда болуын бақылау;
Науқастан кемінде 1 метр қашықтықта болуға тырысу керек;
Науқасқа бөлек ыдыс-аяқ бөлу;
Хал-жағдайы нашарлауы мүмкін кезде уақытында дәрігерге қаралу және қажетті ем алу үшін науқас жағдайын мұқият қадағалау.
Сіз бір реттік демперде қолдансаңыз, онда келесі талаптарды орындауға тырысыңыз:
Ылғалды немесе дымқыл демпердені жаңа, құрғаққа ауыстыру;
Науқасқа күтім жасағаннан кейін демпердені бірден шешіңіз, лақтырып тастаңыз және қолыңызды жуыңыз.

БЕКМУРАТОВА Алия Ахатовна
Шардара аудандық емханасының аймақтық дәрігері
Made on
Tilda