Жаушықұм ауылдық округі ақпараттық түсіндіру топ мүшелері ауылда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыл тұрғындары жоспарланған кесте бойынша "Діни білім-тәрбие бастауы" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жиында түсідіру жұмыстарын аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маман А.Данияров, жастар ресурстық орталығы КММ-нің теолог маманы Е.Сариев жүргізді. Сонымен бірге ақпараттық түсіндіру топ мүшесі Жаушықұм учаскелік полиция инспекторы капитан Тилеуов Қанат қатысып, ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.