ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Облыс чемпионатында мықтылығын көрсетті

Спорт
Қаңтардың 30-31 күндері Сайрам ауданында әйелдер күресінен 2008-2009 жылдары туған жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.
Аталған дүбірлі додада облыстың түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылар бақ сынасты. Солардың арасында жерлесіміз – Көпжасар Арайлым да қатысып, ерекше көзге түсті. 53 келі салмақ дәрежесінде ешбір қарсыласына дес бермей, топ жарып жеңіс тұғырынан көрінді.
Жетістікке жету оңай шаруа емес екені белгілі. Бұл жеңістің артында қажырлы еңбек пен жаттықтырушы Нұрбол Байтүгеловтің үлесі зор. Спортшымыз бен жаттықтырушымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ел чемпионатында да жеңіс туын желбіретулерін тілейміз.
Арайлымның осынау жарқын жеңісі – тек мектеп емес, бүкіл аймақтың абыройы. Ертеңгі үлкен спортқа жасалған сенімді қадамдарына тек сәттілік серік болғай!
«Шартарап–Шарайна»–ақпарат
Made on
Tilda