ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«Қыс – 2024» оқу-жаттығуы өтті

Жылдың әр мезгілінің жанға шаттық сыйлайтын керемет сәттерімен қатар кейде оқыс оқиғалар орын алып, төтенше жағдайлар туындайтын сәттері де болып тұрады. Айталық көктемде қарғын су басуы, жазда өрт болу, ал қыс кезінде көбіне күре жолдарда мұз қатып, жолдар жабылып, тіпті жолаушылар қажетті жеріне жете алмай жолда қалып, көмек сұрап жатады.
Қыс кезіндегі көктайғақта жолда қалған көліктер мен жолаушыларды құтқару кезінде олқылықтарды болдырмау мақсатында өткен аптада республикалық «Қыс-2024» жат-тығуы жүргізілді.
Аудандық азаматтық қорғаныс бастығы аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың 2023 жылғы Шардара аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде оқу-жаттығу штабы құрылған. 2024 жылдың 20 қарашасындағы тапсырмасымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының шешіміне орай «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында оқу-жаттығу өтті. Жаттығу барысында Шардара – Шымкент тас жолының 87 шақырымында көк тайғақ салдарынан кептелісте қалған 15 жеңіл көлік, 3 жүк көлігі мен 5 жолаушылар автобусы, жалпы жолда қалған 50 адам құтқарылып, Жаушықұм қабылдау бе-кетіне жеткізілді.
Шардара аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, оқу-жаттығудың штаб бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Абай Сәтбаевтың ұйымдастырған іс-шарасымен танысқан аудан әкімінің орын-басары Бауыржан Шомпиев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол Нұрахов дайындықтың жоғарғы деңгейде өткендігін атап өтті. Аудандық полиция бөлімі, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы, «Жедел жәрдем», байланыс және хабарлау қызметі, құтқарушылар мен еріктілер тобының қысқа дайындықтары бекітілген талапқа сай өткендігі айтылды.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ
Made on
Tilda