Шардарада шіркейге қарсы күрес күшейтілген тәртіпте жалғасуда
2025-05-14 15:12
Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстары биылғы жылдың сәуір айынан бастап жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Алайда соңғы күндері кейбір елдімекендерде шіркейдің күрт көбейгені байқалып отыр. Осыған орай, Сүткент ауылында залалсыздандыру шаралары күшейтілген режимде ұй-ымдастырылды. Алдымен Сырдария өзеніне дернәсілге қарсы биологиялық тәсілмен бактицид препараты қолданылды. Мұнан соң ауыл ішіндегі көгалды алқаптар мен ағаштарға арнайы құралдармен дәрі себілді. Ауқымды жұмысқа 10 арнайы техника, 4 қайық, 1 дрон және 10 бүріккіш құрал жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар шіркейдің шамадан тыс таралуы байқалған басқа да елді мекендерде жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, ауданда шіркейге қарсы кешенді за-лалсыздандыру шаралары кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл жұмыстарға 3 арнайы техника тартылған. Нақты мәліметке сүйенсек: Шардара қаласында – 5 рет, Достық ауылдық округінде – 4 рет, Сүткент ауыл-дық округінде – 4 рет, Ақшеңгелді, Қызылқұм және Тұрысбеков ауылдық округтерінде – 3 реттен, Алатау батыр, Ұзыната және Көксу ауылдық округтерінде – 4 реттен, Қоссейіт пен Жаушықұм ауылдық округтерінде – 3 реттен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Кестеге сәйкес, 2025 жылғы 12 мамыр күні Достық, Қоссейіт және Ұзыната ауылдық округтерінде залал-сыздандыру шаралары қайталап жүргізілді. Бұл жұмыстар қала мен ауылдық округтерде белгіленген кесте бойынша әрі қарай жалғасады. Шіркеймен күреске бағытталған бұл кешенді шаралар Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаевтың тұ-рақты бақылауында. Тұрғындардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруі үшін барлық қажетті жұмыстар жүйелі түрде атқарылатын болады.