ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРУАЛАР НАЗАРЫНА! ХАБАРЛАНДЫРУ!

ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Шардара аудандық филиалының №5, №6 хабарламаларына сәйкес Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округініе қарасты және Сүткент ауыл округіне қарасты орман қоры жайылымдық жерлерінде ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап Марокко шегірткесі зиянкесі дернәсілдерінің жер бетіне шығу жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда шегіртке зиянкесі дернәсілдерінің қоныстанған аумағына анықтау-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан көлемінде 2025 жылдың 7 сәуірінен бастап экономикалық зиян шегінен асқан жер көлеміне химиялық перепараттарды қолдану арқылы заласыздандыру өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай Жаушықұм ауыл округіндегі жайылымдық аумағы және Сырдария өзені бойына жақын орналасқан шаруа қожалықтар, ара шаруашылығы (пчеловодства), мал шаруашылығын жүргізетін тұлғаларға, ауыл тұрғындарына химиялық өңдеу жұмыстары жүріп жатқан аймаққа малдарды уақытша жайылымға шығарылмауын қатаң бақылауда ұстауларыңызды сұранамыз.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
Made on
Tilda