ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Білім
Мектепте білім беретін ұстаз білікті болса, оқушысы да білімді болып шығатыны анық. Мектептердегі сапалы білім берілуінің нәтижесінде жыл сайын ауданымызда өз білімімен жоғары оқу орындарына грант негізінде түсіп, білім алып, елге оралып, мамандығы бойынша жұмыс жасап жатқандар саны артуда. Сондай мықты азаматтар шыққан білім ордасының бірі – біздің М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернат. Аталған білім беру мекемесіне осы мектепке еңбегі сіңген білікті ұстаз Баян Қанайбекова директор болып тағайындалғалы бері мектебімізде жақсы жаңалықтар көбеюде.
Бізде 7-ші сыныптан бастап оқушылар қабылданады. Бұл көптен бері жалғасып келе жатқан үрдіс. Негізі кейбір ата-аналар балаларының бастапқы білім алуын басқа мектептерде қалыптастырады, сондықтан бізге келгенде баланың сабақты алып кетуі қиындық туғызып жатады. Ал кейбір балалар өз білімін жақсы қалыптастырып, жақсы үлгерімге жетіп жатады. Бұдан шығатын қорытынды – баланың сабақ беретін ұстазы одан да жақсы болып, ынтасы мен зейіні жоғары болса, білім алуында қиындық тумайды. «Дарын» мектебі деген атқа лайықты болу үшін, басшымызбен бірге білім сапасына көбірек күш саламыз. Ерекшелігіне келсек, біздің мектебімізде күнделікті 45 минуттық сабақтан кейінгі үзіліс яғни, қоңыраудың дауысы қарапайым емес, оның орнына қазақтың керемет күйлері орындалады. Сондай-ақ мектебіміздің өзіндік ұраны бар. Авторы мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажар Сламова апайымыз.
Ал өзіме келсем, мен бұл мектепте қосымша үйірме сабағын беремін. Жалпы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі басқаруын, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді» — деп көрсетілген. Балаларға қосымша білім беру — білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Жас буынға қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттіліктерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған.Тәрбие процесін ұйымдастыруда үйірме жұмыстарының алатын орны ерекше. Жастарды өнерге, мәдениетке құштарлығын дамыту мен тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үйірмеде атқарылады.
Үйірме арнаулы бағдарлама негізінде бірнеше жарты жылға жасалатын жоспар бойынша жұмыс істейді. Мұндай бағдарлама мектептің оқу бағдарламасына қарағанда үлгі ретінде болады. Ол үйірме жетекшісінің мектептің оқу бағдарламасына қарағанда үлгі ретінде болады. Ол үйірме жетекшісінің мектептің мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, талаптары мен ынталары, әзірлік дәрежелерін, т.б. ескеріп, нақтылы жұмыс жасауды жеңілдететін бағыт болып табылады. Әрбір үлгі бағдарлама танымдық және теориялық мәліметтердің белгілі түрлерін көздейді. Бірақ практикалық жұмыстарды таңдау әрқашан тек қана бағдарлама бойынша болмайды. Олардың орындалуы көптеген себептерде материалдық детальдар мен саймандардың болуына, жетекшінің білім мен іскерлік дәрежесіне, үйірме мүшелерінің техникалық даярлығы мен ынталарына байланысты. Практикалық жұмыстардың сипаты мен көлеміне байланысты жетекші бағдарламаға бір тақырып бойынша көбейтуге жеке тақырыптарды шығарып, орнына жаңа тақырыптарды қосып өз өзгерістерін енгізе алады. Жалпы үйірмеде оқушылар үшін ережелерді қатаң санаулы тәртіпті сақтау, мәдени дағдыларды тәрбиелеу міндетті. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей білуі тәрбиелік мақсатқа қызмет етеді. Үйірме мүшелері үйірме мүлкін сақтауға толық жауапты екендігін сезінуі қажет.
Үйірме жетекшісі сыныптағы староста мен басқа да сайланып қойылған адамдардың жұмыстарына бағыт беріп, оларға тапсырылған жұмыс үшін толық жауапкершілікті қажет етеді. Сондай-ақ менен бөлек осы үйірме сабақтары бойынша О.Рубитов, І.Досан атты әріптестерімді мақтанышпен айта аламыз. Бәріміз бір-бірімізге білегінімізді бөлісіп, тәжірибе алмасып отырамыз.
Туйкул Кунирбаева – М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатында қосымша білім беру педагогы
Made on
Tilda