Сонымен қатар, әр ауылдың тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында ауылдық округтер бойынша мәселелер айтылып, сауалдар қойылды.
Атап айтқанда, газдың төлемақысы мен құжаттандырылуы, емхананың қоршауы, жекеменшік канал мәселесі, интернет, жекеменшік жер мәселесі, ауыз су, ағын су каналы, Егізқұм елді мекеніндегі «Қазпошта» ғимараты, электр трансформаторларын ауыстыру, жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламалар арқылы каналдарды тазалау, қашыртқыларды тазарту, қосымша жол белгісін қою және басқа да әлеуметтік мәселелер көтерілді.
«Кездесудегі мақсатымыз – тұрғындармен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылау. Себебі ауылдардағы проблемаларды жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Аудан халқының ең басты күнкөрісі диқаншылық. Сондықтан жердің жағдайын жақсарту бойынша барынша жұмыс жасаймыз. Алдағы уақытта ауылдық округтерді абаттандыру, жарықтандыру, жол салу, жаңа инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жалғасады. Біз үшін әр тұрғынның мәселесі маңызды» деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, аудан әкімі әр елді мекендегі проблемалық мәселелерден хабардар екенін айтып жеткізіп, шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі