ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ӘЖЕСІ ҰЖЫМҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

«Шардара» мектеп–лицейіміздің бастауыш сынып оқушысы Дидар Саин ауданымызға белгілі Бегиева Камила апайымыздың немересі. Ол математика мен ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын (жаратылыстану бағыты) Астана қаласындағы Сингапур әдістеме жүйесі бойынша білім беретін ерекше мектепке үміткерлердің ішінен іріктеліп, өз білімін дәлелдеп оқуға қабылданды.
«Болашаққа бет алды білімді ұрпақ» демекші, Дидар баламыздың әжесі Камила апай мектеп–лицей ұжымына және бастауыш сынып жетекшісі Үсенова Тамара, ағылшын тілі пәні мұғалімі Сатбекова Құралай апайларымызға алғысын айтты. Қуанышымен бөліскен ол ұстаздар – «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны» - дей келе олардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық, істеріне сәттілік тілеп, әрбір шәкірт жүрегіне жол таба білген қастерлі қажыр-қайраттарыңыз белестерге жетелеп, ел сүйіспеншілігіне бөлене беріңіздер деген тілегін айтты.
Ұстаз үшін ең бағалы сыйлық – оқушы мен ата-ананың алғысы!

Made on
Tilda