Адам папилломасы вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдай-тын вирустар тобы. АПВ-ның 200-ден астам түрі бар, олардың 14 түрі онкологияның «қатерлі ісіктің» дамуының жоғары қаупіне ие.
АПВ вирусы қандай қауіптілік төндіреді?
Вирус тез таралуға қабілетті, нәтижесінде папилломалар пайда болады (сүйел өсінділері), жасушалардың қатерліге айналуын және қатерлі ісіктің, мысалы жатыр мойны обырының дамуын қоздырады. Ғылыми мәліметтерге сәйкес, 10 әйел мен ер адамның шамамен 8-і 25 жасқа дейін АПВ жұқтырған.
Жатыр мойны обыры дегеніміз не?
Жатыр мойны обыры – бұл әйел жатыр мойнының (қынаптан жатырға кіру жолының) қатерлі ісігі. Жатыр мойны обыры жағдайларының барлығы дерлік АПВ инфекциясынан туындаған.
Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900 жуық жаңа жағдайлары тіркеледі, 600-ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады.
Біздің елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.
АПВ вирусы қалай беріледі?
АПВ вирусы адамнан адамға келесі жолдармен беріледі:
Тұрмыстық жанасу жолымен.
АПВ қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға, сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейіндерге барғанда өзіңізді ұқыпты ұстағаныңыз дұрыс.
Жыныс жолымен
Вирустардың онкогенді типтері жыныстық жолмен берілгенде жыныс мүшелері аймағында орналасатын ұшы сүйір сүйелдерді тудырады.
Тікелей жолмен туу кезінде
Вирус анадан сәбиге оның босануы жолдарымен өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.
Өзіне-өзі жұқтыру жолы
АПВ қырыну немесе эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне жиі ауысады.
АПВ қарсы вакцинаны енгізу
Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ, алдын алудың бірден бір әдісі – бұл вакцинация. Жатыр мойны обы-рының (ЖМО) дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыру себеп болатыны ғылыми дәлелденген.
Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса алғанда, дүниежүзінің 135 мемлекетінде жасалады.
- 2024 жылдың күзінен бастап Қазақстанда 11 жасар қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізілетін болады.
- АПВ-ға қарсы вакцина мек-тептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе каби-неттері арқылы ақысыз негізде қолжетімді.
- Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін ата-аналарының немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.
- АПВ-ға қарсы вакцина дельта тәрізді иық бұлшықетіне бұлшықет ішіне салынады.
- Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.
Неліктен вакцинация 11 жастағы қыздарға жасалады?
ДДҰ 9-14 жас аралығындағы қыздарға вакцинациялауды басымдық ретінде ұсынады. Вакцина адам АПВ жұқтырғанға дейін енгізілсе тиімдірек болып табылады.
АПВ 25 жасқа толмаған адамдар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар, осы жастағы вакцинация ең күшті иммундық рекцияны қамтамасыз етеді.
АПВ-ға қарсы вакцина қалай жұмыс істейді?
Ағза иммундық жүйенің АПВ инфекциясымен күресуіне көмектесетін қарсы денелер өндіре отырып, вакцинаға реакция береді.
Ерте жастан (9 жастан бастап) вакцинацияланған адам қатерлі ісік тудыруы мүмкін жоғары онкогендік қауіпті АПВ түрлерінің көпшілігінен қорғалған.
Қандай вакцина болады?
АПВ 6,11.16,18 – 4 типінен қорғайтын 4-валентті вакцина болады;
МАХИМОВА Карима–
ДА Сырдария акушері