Медицина қызметкерлерінің қоғамда оң имиджінің қалыптасуына, денсаулық сақтау саласына тәуелсіз сараптама жасап, үздіктерін анықтап, оларды көтермелеу бағытында қоғамдық сектордың маңыздылығы зор.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өз ісіне адал, денсаулық сақтау саласында қажырлы еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерін ынталандырып, сала үздіктерін анықтау мақсатында Қазақстан медицина қызметкерлерінің қоғамы «Жыл үздігі – 2024» республикалық байқауын өткізді.
Бұл байқауға «Қоғамдағы медицина қызметкерлерінің мәртебесі: жетістіктер мен мәселелер» тақырыбында әссе жазып қатысқан Ақалтын дәрігерлік емханасының аға дәрігері және инфекционист дәрігері Бекмұрат Құттықыз Сыдыққызы «Жыл үздігі – 2024» атанып, «Үздік жас медицина қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Марапатты аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Сейтханов Мухидин Әбуұлы табыстап, алдағы жұмыстарында мол жетістіктер тіледі.
Дәрігерлік жұмысымен қатар бос уақыт тауып, шығармашылықпен де айналысатын Құттықыз Сыдыққызының алған марапатына құтты болсын айта отырып, оның байқауға ұсынған эссесін оқырмандарға да ұсынуды жөн деп таптық.