ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу» бұйрығына сәйкес, дизель отыны АШТӨ үшін квоталарының көлемін қалыптастыру «gosagro.kz» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады. Қағида тапсыр-маларына сәйкес, 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарына дизель отынын қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1-30 желтоқсан аралығында өтінім қабылдау жүргізілетінін хабарлаймыз.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі