Бүгінгі таңда білім саласындағы тыныс тіршілігімізде жаңа ғасыр нышандары сан қырымен көрініс табуда. Бұл мақсаттағы іске асырылатын алғы шарттар білім берудің әлемдік деңгейде даму сипатына сай болуы білім беруде жаңа сапалық деңгейге көтеру, оқушы білімдерін өз бетінше толықтыруға үйрету, білім беру ісіне жаңа ақпараттық технологиялардың жетістіктерін енгізу, оқытудың ұтымды технологиясын қолдану.
Ел тірегі - білімді де саналы ұрпақ десек, заман талабына сай жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күні ұстаздар алдындағы негізгі міндет.
Ұзын ата жалпы білім беретін мектеп ұжымы да 2023-2024 оқу жылында көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтар болсақ, 13 қазан күні география пәнінен 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, 7-сынып оқушысы Абдулла Жанерке ІІ орын иеленді. Қазан айында өткен Президенттік олимпиададан 11-сынып оқушысы Ахет Балым ІІІ орын иеленді. 20 қазан күні өткен «Алтын түлек» пән олимпиадасының облыстық кезеңінен 1 оқушы І орын, 2 оқушы ІІ орын, 1 оқушы ІІІ орын алды. «Ақберен» байқауының аудандық кезеңінен 9-сынып оқушысы Тәңірхан Ұлдана І орын, облыстан ІІ орын иеленді. Аудандық «Ақберен» байқауынан Ташбаева Ақниет ІІІ орын, «Махамбет оқулары» сурет байқауынан 9-сынып оқушысы Берімбет Жанерке ІІІ орын иеленді. Аудандық «Төл теңгенің тарихы» жас суретшілер байқауынан Тасболат Әлихан бас жүлде, «Балалар көзімен» байқауының аудандық кезеңінен Берімбетова Жанерке ІІІ орын, «Патриот жастар» әндер байқауының аудандық кезеңінен І орын, «Мағжан оқулары» аудандық кезеңінен Базарбай Мейірім бас жүлде, облыстық кезеңінен Мақтау қағазын алды. Осы секілді жетістіктер мен мектептің мақтанышы, марапаттары ұшан-теңіз десем артық айтпаспын. Оның бәрін де жекелеп атаудың қажеті болмаса да, жетістіктерге мақтана білу де игілікті іс деп ойлаймыз.
Міне, осындай жетістіктермен өздерінің алдындағы негізгі міндеттерін орындап, тынбай еңбектеніп келе жатқан ұстаздармен мектебіміздің алдағы уақыттарда да көптеген жоғарғы жетістіктерге жетеріне сеніммен қарай аламыз. Жаңа ақпараттық технологиялар заманында заманға сай жас ұрпақты тәрбиелеу, заманға лайықты ұрпақтың жан-жақты дамуы жолында талапқа сай ұстаз болу міндеттелгендіктен атына сай маман болуды мақсат еткен ұстаздардың жетістіктеріне әрдайым қолдау көрсетіліп отырылады. “Көргені жақсы көш бастар” деп, көшті бастап отырған осы мекеменің тәжірибиелі ұстаздары жас мамандарды жан аямай қолдап, қуаттап, демеу беріп, бағыттап, дұрыс жол табуға өз үлесін қосып отырады. Осындай ұстаздардың бастауымен жол тапқан білім алушылар өз орнын өмірде адаспай таба аларына үлкен үміт етеміз.
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы», демек ұстаздың жақсы болуы ұрпақ жалғастығы екендігінің дәлелін және бір дәлелдегендей, “Ұзын ата жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көшбасшысы да, ұстаздарының да ұстанымы жақсы екендігі жеткен жетістіктерінің нәтижесінде десек жаңылмаспыз. Жетістік - еңбектің жемісі, жеңісі. Сондықтан да жеңісіміз көп, жемісіміз мол бола бергей.