Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау тек қана мүліктің бүлінуіне ғана емес, сонымен қатар адамдардың қаза болуына әкеп соқтырады. Тұрмыстық өрттердің статистикасы облыс аумағында өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында орын алатындығын дәлелдейді. Әдетте, олардың барлығы электр сымдарының немесе жылыту аспаптарының ақаулығына байланысты.
Тұрмыстық өрттердің ең көп саны жеке сектор объектілерінде тіркелген, онда қауіпсіздік ережелерін сақтау жауапкершілігі меншік иесінің өзіне жүктелген. Сонымен қатар, 57%-дан астам жағдайда өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан (темекі шегу, алау және т.б.) орын алады. Көптеген өрттер балалардың отпен ойнауынан туындайды.
Шардара ауданының ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін барынша жауапкершілікпен сақтауға, сақ болуға және өртті сөндіруден гөрі алдын алу әлдеқайда оңай екенін есте сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, төсекте темекі тартпаңыз, тұрмыстық және басқа да техниканы пайда-лану жөніндегі нұсқауларды сақтаңыз, электр сымдарының оқшауламасы бұзылған аспаптарды пайдаланбаңыз.
Пәтерде өрт орын алмау үшін жүргізілетін профилактикалық алдын алу іс-шаралары:
Үйде бензин, керосин, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыз.
Ең болмағанда бір өрт сөндіргішті сатып алыңыз.
Қосылған электр және газ плиталарын, шәйнектерді, үтіктерді, қабылдағыштарды, теледидарларды, жылытқыштарды қараусыз қалдырмаңыз.
Электр сымдарының, розеткалардың жарамдылығын қадағалаңыз.
Бір розеткаға бірнеше тұрмыстық электр аспаптарын (әсіресе үлкен қуатты) қоспаңыз.
Ашық отта бояуларды, лактарды және т. б. жылытпаңыз.
Алайда бірінші кезекте бір негізгі ережені есте сақтауға кеңес береміз: ашық жану туралы айтпағанда, жеңіл түтін иісін сезген бойда, дереу «101» немесе «112» телефондары арқылы өртке қарсы қызметті шақырыңыз.
Е.СЫЗДЫҚОВ – Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты