ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ГРЕППЛИНГ UWW СПОРТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Спорт
Өткен аптада Ақтөбе қаласында жастар және жасөспірімдер арасында грепплинг UWW спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста жерлестеріміз Түркістан облыстық N4 ОРМБСЖМ спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдені еншілеп қайтты.
Атап айтар болсақ, 69 келі салмақта сынға түскен Жанғазиев Ахат І орын иеленіп, алтыннан алқа тақса, осындай салмақта Нұрберген Саят ІІ орын иеленіп, күміс алқаны олжалады. Ал 42 келі салмақта сынға түскен Нұрберген Сағадат ІІІ орынды иеленіп, қола медалды місе тұтты.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымызды және жаттықтырушысы Абызов Арманды жеңістерімен құттықтай келе, алдағы Астана қаласында өтетін Әлем чемпионатында биіктен көріне берулеріне тілектес-тігімізді біздіреміз!
Аяжан ТӘЖІ
Made on
Tilda