Кенелер аса қауіпті жұқпалардың тасымалдаушылары болып, кене энцефалиті, көкала тәрізді қауіпті аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды. Кене энцефалитінің ең көп жерлері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында кездеседі. Олар ауа райы қолайлы өлкелерде өсіп-өнеді жэне сондай жердің тұрғындарына қауіп туғызады. Негізінен кенелердің қауіп төндіру кезендері жыл мезгілінің көктем айларынан бастап күздің алғашқы айларына дейін ұласады. Кенелік энцефалит орталық жүйке жүйесінің жедел вирусты ауруы, эндемиялық табиғи ошақтарда трансмиссивті (кененің шағуы) немесе алиментарлы жолмен (инфекцияланған сүт) арқылы жұғады. Кенелер адамдар мен жануарларға қан сору мақсатында ғана шабуылдайды, сондықтан оларды дер кезінде табу және теріден дұрыс тұмсығымен қоса алып тастау адам денсаулығы мен өмірі үшін маңызды болып табылады. Сондықтан кене энцефалитінен сақтау үшін кенелерден қорғану жолдарын есте сақтауымыз қажет. Шөп жинау кезінде кенелердің шөп арасында қыстайтынын есте сақтаңыз; ешкі және сиыр сүтін міндетті түрде қайнату керек, себебі сүт қоздырғышпен залалдануы мүмкін.
Есте сақтайтын қағидалар: ешқашан терідегі кенені сықпаңыз, өйткені кене ішінде вирустар мен патогенді организмдер бар. Тіпті қолдың ашық жаралары немесе сәл тыртықтар арқылы жұқтыруға болады; кенені жұлмаңыз, өйткені жұлу кезінде кене басы теріде қалып кетеді де, улы сөлі адам ағзасына тарала береді; кенені тіспен жұлуға болмайды, қоздырғышты жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан денеге жабысып тұрған кенені байқасаңыз, жедел дәрігерге көрініңіз.
Конго-Қырым қанды қызбасының алдын-алу мақсатында, Түркістан облысы аумағындағы аудан, қала, ауыл округтерre жергілікті аудан, қаладағы «Ветеринарлық қызметі» мемлекеттік комуналдық кәсіпорын мамандарымен ауыл шаруашылығы жануарларына және мал кораларына кенеге қарсы дезинсекция жұмыстары сәуір, мамыр және тамыз, қыркүйек айларында 2 кезенде жүргізіледі. Кенені жою үшін қораға жасайтын залалсыздандыру (дезинсекция) жүргізу алдын қора жайларды механикалық тазалаудан өткізу керек. Сондықтан Қора-жайларыңызды тазалап, ауылшаруашылығы жануарларына кенеге қарсы бүрку, тоғыту, қора-жайларды залалсыздандырудан қалдырмаңыздар.