Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің оқушылары 12 сәуір күні Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» базасында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңіне қатысты.
Облыстық кезеңде біздің ауданымыздан оқушылар қатысып, барлық жеті номинация бойынша жүлделі орындар иеленіп I, II, III дәрежедегі дипломдармен және сертификатпен, ал жеңімпаздардың жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.
Атап айтқанда, «Тоқыма бұйымдарын дайындау» номинациясы бойынша «Ұзын ата» жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Байжигитова Гулмираның жетекшілігімен Құдайберген Нұрайдың жұмысы І орын,
«Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша «Ұзын ата» жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Ағайдаров Толжанның жетекшілігімен Тасболат Алиханның жұмысы ІІ орынды иеленді.
«Металды көркем өңдеу» номинациясы бойынша Қ.Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Темірбеков Мараттың жетекшілігімен Абдырхан Досымжанның жұмысы ІІІ орын иеленсе, «Ағаштан, тастан, саздан (қыш, саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинациясы бойынша А.Иманов атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Саруар Ердәулеттің жетекшілігімен Лесбек Олжастың жұмысы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
«Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясы бойынша аудандық Оқушылар үйінің мұғалімі Абдраманова Алтынайдың жетекшілігімен Сарсенбаева Нұрайымның жұмысы жүлделі ІІ орынды иеленсе, «Қағаздан бұйымдар жасау» номинациясы бойынша Аширбекова Ұлжан жетекшілігімен Арапбай Қарақаттың жұмысы жүлделі ІІІ орынды, «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы» бойынша Алиев Асылбектің жетекшілігімен Жүсіп Алиханның жұмысы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Байқауға қатысушыларға және олардың жетекшілеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Марапаттарыңыз құтты болсын!
Магитова Тұрсынай – Шардара аудандық білім бөлімінің әдіскері