Шардара мектеп-лицейінде Батыр ана, «Мәдениет майталманы», «Әлемнің асылы», «Домалақ ана», «Қазақ Республикасына 100 жыл» «Шардара ауданына – 60 жыл» мерекелік медальдарының иегері, Шардара ауданының құрметті азаматы, бірнеше жыр жинағының авторы, ақын, әнші, ауданда алғаш рет құрылған «Ақ әжелер» халық ансамблінің негізін қалаушы және жетекшісі, «Әжелер алқасының» құрылғанына 10 жыл толуына орай облыста өткізілген «Аялы әже» форумының «Ең өнерлі әже» номинациясының иегері Жарылқасын Ізбайқызымен «Өнері өмір өрнегіндей – асыл әже» атты кездесу өтті.
Кездесуге қатысушылар Жарылқасын Ізбайқызын керемет музыка әуенімен шашу шашып күтіп алып, құрметті орынға отырғызғаннан кейін алғашқы құттықтау сөз сөйлеген мектеп-лицей директоры Құлмаханбет Ләззат Өмірәліқызы іс-шараның мақсаты мен маңызы, жастар тәрбиесіндегі алатын орны жөнінде айтып өтті. Келесі кезекте Ақбала шағын ауданы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Шардара ауданының Құрметті азаматы Мұсахан Мархабай жиналғандарды 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтап, Жарылқасын Ізбайқызына алдағы кезде де мықты денсаулық пен шығармашылық жетістіктер тілеп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібековтің Алғыс хатын табыстады.
Жарылқасын Ізбайқызы соғыс аяқталған соң туылып, жастық шағы соғыстан кейінгі ауыр жылдарда өтті. Білім алып, келешекте әнші болсам деген арманы орындалмай, мектепті бесінші сыныпқа дейін оқыған соң ары қарай жалғастыруға әкесі рұхсат бермей қойды. Ол кезде қыз баланы көп оқытпайтын, тек хат таныса болды дейтін. Он бес жасқа келгенде ұзатылып, келін болып, ұл-қыз өсіріп, ардақты ана атанған.
– Аңсаған арманыма кештеу болса да қолымды жеткіздім. Түрлі тақырыптағы кітаптарды алып келіп, жастығымның астына қойып, бесік тербетіп отырып оқып, сауатымды аштым. Елу жастан кейін шығармашылықпен айналыса бастадым. Өз өміріммен байланыстырып «Сабыр ет көңлім, сабыр ет» атты кітабымды шығардым. Екінші кітабымды ауданнан «Алтын шаңырақ» деген номинациясын алғандығымнан сол атаумен атадым. Бірақ, сол кезде жолдасым өмірден өтіп, кітаптың тұсау кесері болмады.
Бала күнгі арманым – ән айтуға да қолымды жеткіздім. «Ақ әжелер» халық ансамблін құру мақсатында «Саз» мектебінде үш ай дайындықтан өтіп, алғаш «Ақ көгершін», «Катюша» әндерін орындаудан бастадық. Он бес жыл көлемінде халық ансамблі деген атаққа жеттік.
Арманымның орындалуына отбасым, өмір жолдасым бәрі түсіністікпен қарады. Осыған шүкіршілік деймін. Ендігі мақсатым шөпшек сүйіп, қолыма бір алып, бауырыма бассам деймін, – дейді Жарылқасын Ізбайқызы.
Одан әрі қонақкәде ретінде «Жақсы көрем қазақ деген елімізді», «Әлі есімде», қарашай халқының «Орайдай» әндерін орындады. Сыныптасы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов, аудандық аналар кеңесінің мүшесі Жаңылай Айдарова, аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы «Әжелер алқасының» төрайымы Гүлзакира Исаева, «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Шардара аудандық филиалының төрайымы Бибігүл Көшекеева, Алатау батыр ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Мәрия Ағжаровалар бірге жүрген сәттерінен қызықты естеліктер айтып, Жарылқасын Ізбайқызына өздерінің сый-сияпаттарын тапсырды.
Іс-шарада Мұқағали Мақатаевтың «Көшеде» өлеңінің желісі бойынша көрініс көрсетіліп, Несібелі Шәменова домбырада «Арнау» өлеңін орындады. Мектеп оқушылары мен немерелерінің өз өлеңдерін мәнерлеп оқығанын тыңдаған Жарылқасын Ізбайқызы «Ақ әжелер» халық ансамблінің мүшелерімен бірге «Мен қазақ қыздарына қайран қалам», «Шардара толқындары» әндерін орындады.
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дегендей бұл кездесу оқушыларға армандай білу керектігін, оған жету үшін талмай ізденіп, талпыну, ұмтылу қажеттігін көрсетіп берді. Армандап, оған қол жеткізе берейік!
Гүлшат ТҰЯҚОВА — Шардара-мектеп лицейінің қосымша білім беру педагогы