ШАРТАРАП ШАРАЙНА

БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ БАЛАБАҚШАДА ҚАЛЫПТАСАДЫ

Білім
Біздің елімізде отбасында ғана емес мемлекет көлемінде де балаларға деген қамқорлық ерекше екендігін бәріміз білеміз. Туылған күнінен бастап, балабақшада тәрбиеленуі мен мектепте білім алуына белгілі бір мөлшерде қаржы бөлініп, қажетті жағдайлар жасалған.
Мен жұмыс жасайтын екінші шағынаудандағы «Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасында 280 бала тәрбиеленуде. Мен «Жасұлан» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісімін. Балалардың мектепке әріптерді жаттап, оларды қосып оқи алуына, сандарды жаттап, жазып, арифиметикалық амалдарды меңгеріп шығуларын басты назарға аламыз. Жеңіл тақпақтар жаттатқызамыз. Сабақ арасында сергіту сабақтарын да өткіземіз.
Жақында тобымда «Ағаш жайлы не білесің?» деген тақырыпта ашық сабақ өттім. Бүлдіршіндер өздері білетін ағаштардың атын атады. Мен орманда, аулада өсетін ағаштардың түрлерін атап, бақшада ағаштарды сындырмай, суғарып тұру қажеттігін түсіндірдім.
Балабақша меңгерушісі Мөлдір Құрмантаева, тәрбиеші Роза Карибаева мен тәрбиеші көмекшісі Орынбасарова Балжан Бейсенбайқызы балалармен мерекелік және атаулы күндерді жоғарғы деңгейде көңілді атап өту шараларын өткізуімізге көмектесіп отырады. Бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, тақпақтарын айтады.
Бүлдіршіндер біздің болашағымыз. Сондықтан оларға өмірге алғаш қадам жасап, білімге деген құштарлықтарын оятып, мектепке білім алуға шығарып салу басты міндетіміз деп санаймын.

Абдуранова Гүлжан Атабекқызы —
«Балбөбек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Made on
Tilda